Есть ответ 👍

Мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі, топтау үстеуін паидаланып мәтін кұрау

159
254
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

kotyaraasm
4,7(69 оценок)

аяғын үзеңгіге салып, арғымақты жалынан ұстап өмір жолындағы өз соқпағын таңдауға тәуекел еткен, айналайын талапкерлер, егер сендер журналистика әлемінің ғынан аттап, есігінен енеміз десеңдер, бұл кәсіптің түбіне дейін терең бойлап, орта жолдан кері қайырылмайтындай арғы-бергісін таразыға тартқандай салмақпен ойлап барып шешім қабылдағандарың дұрыс. рас, алғашында журналистика магнит тәрізді өзіне тартып алады. газет-журналдарда жарық көрген мақала соңындағы аты-жөнің, радио эфиріндегі сөйлеген сөзің, яғни, әдеттен тыс ерекше естілген үнің, көгілдір экрандағы көрерменмен бетпе-бет келетін болмыс-бітімің – бәрі де талапкер үшін таңғажайып тартымды құбылыстар. тіпті, арманыңа жол ашатын табыс кілті десе де болғандай. бірақ, журналистика тек осынау жүрек тебірентер жағымды өмірлік құбылыстардан ғана тұрмайтынын, оның одан да өзге егжей–тегжейі мен қыр-сыры, күнгейі мен теріскейі, жотасы мен белесі, асуы мен асқары бар екенін ескерген абзал. ал тек қана жігерлендіретін, қайратыңа қайрат қосып, қиялыңа қанат бітіретін кілең жағымды құбылыстар журналистиканың төл табиғатын, бар болмысын түгел қамти алмайды. себебі, журналистің бармайтын жері, баспайтын тауы, ашпайтын есігі, кірмейтін тесігі қалмайды. журналист өмірдің ғажабын да, азабын да, қоғамның жақсылығын да, жамандығын да жазады. қажет болса (егер кейіпкері түрмеде болса түрмеге, жындыханада болса жындыханаға, т.с.с) өртке де араласады, сотқа да кіріседі, ұрыс-шатаққа, қылмыстық оқиғаларға да, саяси шараларға да, өлім-жітімге де араласады (тіпті, өз шындығын қорғау үшін соттасуы да мүмкін, репортаж жүргізу үшін соғысқа баруы да ықтимал, керек болса өлімге де бас тігеді). өйткені журналист арасына ұқсап, өзіне қажет ақпаратты жер-көкті кезіп, шартарапты шарлап, тірнектеп, теріп жүріп жинайды. сол ізденістің барысында небір керемет ләззат алатын таңғажайып тамаша сәттерді, сонымен қатар, айтса сенгісіз сұмдық оқиғаларды, қилы-қилы күрделі процесстерді бастан кешіреді. қызмет бабындағы кәсіби бәсеке – өз алдына бөлек дүние. өздерің білесіңдер, басқа сала өкілдерін былай қойғанда экранда да эфирде де «жұлдыздардың» микрофонға жармасып, жүргізушілікке таласатыны – факт. сонымен, бақ мінберіне барар жолдағы белестер жайлы кеңестер: 1. тек қана шындықты айт; 2. алған бетіңнен қайтпа, түбіне жетпей тынба, қысқасы – «қадалған жеріңен қан ал»; 3. әдептілік әлемді бағындырады, әрдайым әдепті бол; 4. батыл бол, қорықпа! (аққа құдай жақ); 5. мақтау естісең де, сынға ұшырасаң да кітапқа жүгін (ең сенімді дос сол); 6. кез келген ақпаратты жария етпес бұрын тексеріп ал («басқа бәле-тілден»); 7. «ой қайталама, сөз қайталама» (профессор омашевтың теориясынан), т.с.с. толып жатқан толғамдар бар, қалғандарымен оқуға түскен соң дәріс кезінде танысасыңдар. сонымен, «ата алмасам, маған-серт, атылмасаң саған-серт» деп аңшының мылтығымен серттескеніндей қазақ журналистика қарашаңырағының ғынан аттамас бұрын бұл киелі кәсіпті басы бүтін таңдап, біржолата және түбегейлі шешім қабылдағаннан кейін есіктен ене бер. ал «нар тәуекел» деп басынан сөз асырмаған жолын таңдап, босағадан аттаған екенсіңдер, демек, ұлттық журналистиканың қамын күйттейтін, шындық үшін шырқырайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ақпарат үшін ішкен асын жерге қоятын алған бетінен қайтпайтын, шындықтан басқаны айтпайтын радио мен телевизияның эфиріндегі қайтпас қарагер, басылымдар мен интернет сайттарындағы мәселені тарқатса түйінін шешіп айтатын, керек жерін дөп басып, кесіп айтатын көсем, шешен журналист болатындарыңа сене бер!

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS