Баланы 13 жастан отау иесі болуға дайындаған Халқымыз 12-15 жасынан бастап, ер баласына алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттер барын мақал-мәтелдермен ескертіп отырған. "Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық", "Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт", "Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар" деп шамдандыратын. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" деген.
Қазақ "ер баланы алты жасқа дейін хандай көр, алты жастан құлыңдай жұмса, 16 жастан кейін сырласыңдай көр" деп, жасына қарай тәрбие берген. Сөйтіп ұл баланы 13 жасынан бастап отау иесі болуға дайындаған. Өйткені қазақ салтында ұл бала 13 жасында балиғат жасына жеткен болып саналатын. Сондықтан ата-ана, бауырларының алдында жауапкершілікті санасына сіңіре бастаған.
Үш сөзбен берілген тәрбие
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген: Ұят болады. Жаман болады. Обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, жаным арымның садағасы дегені.
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді дегені.
Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін, ешкімге көлеңкең түспесін дегені.
Жас ерекшеліктері
Ер баланың жеті жас пен он жас аралығын "қозы жасы" деп, бұл жастағы балаларға әр түлік мал мен оның төлдерінің бөгенайын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған.
10-нан 20-ға дейінгі жасты "қой жасы", "қотан жасы" деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың "ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау" сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған.
20 -дан 30-ға дейінгі жасты "жылқышы жасы" деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел, жер танып, жылқының жиырма қасиетін біліп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын қасиеттерді бойына сіңіруді, батыл да батыр болу талабын қояды.
Бұл тәрбие ұл баланың отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Сонымен қатар намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып қалыптасуына жол ашады деп түсінген.
Тапсырма:
1. Кез – келген зат есімге фонетикалық талдау жасау (5 сөзге)
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
3. Мәтін бойынша диалог құрастыру
104
427
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Физика
-
15200315200307.10.2020 13:44
-
alenadasha8006.06.2021 02:48
-
салссо123296015.09.2022 02:52
-
savyak444ozb52q09.09.2022 04:33
-
kristinandrosov09.12.2022 22:58
-
pernik2012117.09.2021 09:52
-
02032427.03.2021 14:28
-
nosok66617.11.2022 02:13
-
Dasha29200131.05.2021 08:02
-
Снежана2111101.09.2020 19:05
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.