Ответы на вопрос:
Уақытша үкімет – Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы.
Уақытша үкімет мүшелері
Төртінші Мемлекеттік Дума мүшелерінен тұратын уақытша комитет пен Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің келісімі бойынша 1917 жылы 2 наурызда құрылып, оны князь Г.Львов басқарды. Уақытша үкімет Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы шақырылып, мемлекеттік басқару пішімі шешімін тапқанға дейін билік жүргізуі тиіс болды. Уақытша үкімет Ресей азаматтарының құқығында діни-нанымына, ұлтына қарай ешқандай шектеушілік болмайтынын жария етті. Бұл өз кезегінде бұрын ұлттық езгіде болған халықтардың Уақытша үкіметке қолдау танытуын арттырды. Орталық Азия халықтарының Уақытша үкіметке қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, майданның тыл жұмысына адамдар алуды тоқтатуы және он алтыншы жылғы көтеріліске қатысушыларға кешірім жариялауы елеулі дәрежеде әсер етті. Дегенмен, Уақытша үкімет бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресейдің қатысуын жалғастыруды жақтады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік қатынастардың онан әрі шиеленісуіне алып келді. 5 наурызда Уақытша үкімет жергілікті өкімет органдарын құру туралы қаулысын шығарды. Ресейдің басқа аймақтарындағы сияқты Қазақстанда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдары алғашқы кезеңде азаматтық комитеттер негізінде пайда болды. Бұл комитеттерді құруда бастамшылық облыс және уез орталықтарында тұратын орыс жұртының қолында болды және комитеттердегі басшы орындар да солардың үлесіне тиді. Сондықтан олардың құрамына енгендердің арасында ұлтаралық қатынас мәселесіне ескі патшалық әкімшілік көзқарасында тұрғандар көп болды. Міне, осындай жағдайда қазақтарға ескі әділетсіз патшалық билік жойылып, оның орнына жаңа билік келгенімен де, ұлттың мүддесін қорғайтын мекемелерсіз қалу қаупі туды. Сондықтан да азаматтық комитеттермен қатар ұлттық саяси элита өкілдерінің ат салысуымен облысы, уездік және болыстық деңгейде қазақ комитеттері құрылды. Қазақ комитеттерінің өкілдері облысы және уездік азаматтық комитеттердің атқару органдарына мүше болып енді. 1917 жылы 20 наурызда Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің ұйғарымымен Торғай облысының комиссары болып тағайындалды.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
maksim228609.05.2022 15:36
-
irina16200213.04.2021 17:35
-
doriii7220.11.2021 01:28
-
kokoriki23.03.2021 12:36
-
KUGOTVIN09.03.2021 01:55
-
Algazino30.05.2021 09:07
-
macshsav07.10.2020 03:01
-
Angelina92229.11.2020 22:19
-
lexa123assasin28.08.2021 19:34
-
AlinaFlowers14.06.2022 04:34
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.