Есть ответ 👍

1.Монғол мемлекетінің құрылуы жайында жүйелеп жазыңыз 2.Ұлыстардың алып жатқан территориясын жазыңыз​

100
208
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

666555y67767676
4,7(68 оценок)

Моңғол империясы (моңғ. Их Монгол Улс немесе моңғ. Монголын эзэнт гүрэн) — Шыңғыс хан құрған мемлекет.1189 – 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан Қытай қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды және ол өз мемлекетін әрі қарай кеңейте бастады. XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында Моңғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер ханының наймандармен, Моңғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғысхан белсене қатысты. 1207 ж. ол Сібірдегі орман жұртын бағындырғаннан кейін, 1207 – 09 ж. Таңғұт (Си Ся) мемлекетіне үш дүркін шабуыл жасап, жаулап алды. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарлұқтар Шыңғыс ханға қарсылықсыз бағынды. 1211 ж. өзінің ежелгі ата жауы Алтын (Цзин) еліне қарсы аттанып, бес жылдың ішінде бұл елдің басты бекіністерін басып алып, мол олжаға батты. Алайда бұл жорық соңына дейін жеткізілмеді. Жалайыр Мұқылай ноян бастаған 60 мыңдық әскерді Қытайға қалдырып, Шыңғыс ханның өзі 1216 ж. Қарақорымға қайтып оралды. Көп ұзамай батысқа қарай жорықтар ұйымдастырылды. Жебе ноян бастаған әскер найман ханы Күшлікті өлтіріп, Іле, Жетісу аймағын билеп тұрған Қарақытайлар мемлекетін бағындырды. 1211 жылы Жетісуға Моңғолдардың алғашқы келуі сол оқиғалардың салдарынан болған еді. Бірақ олар ұзақ уақыт болған жоқ, ейткені Шыңғысхан оларды солтүстік Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысуға кері шақырып алды.1216 жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан кейін Моңғолдар Батысқа қарай жылжуын қайтадан бастады. Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының бірі Жебе-ноянға Күшлік-ханды жазалауға бұйырды. 1218 жылы Күшлік-хан талқандалды да, Моңғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, оларды христиан наймандар мен буддистердің қысымынан қатты зардап шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары қуана қарсы алды. Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін Моңғол қолбасшысы Жебе-ноян жаршылар арқылы хабарлатып әскерлерге бейбіт тұрғындардың мүлкіне тиісуіне тыйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету құқығы қайтарылсын деп бұйрық берді. Қашып кеткен Күшлікті моңғолдар Бадахшанда қуып жетіп, басынн алды. Сөйтіп, Шыңғыс иеліктері Хорезмшах мемлекетіне таяп келді. Жошы хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мындық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі ағысындағы Женттен қазіргі қазақ далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті, В. В. Бартольдтің пікірінше, Шыңғысхан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың мемлекетін шапқан кезде оның моңғолдармен ашық шайқаска неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі моңғол-хорезм қатынастары барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты.Шыңғысханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Хорезмшах Моңғолияға бірінен соң бірін екі елшілік аттандырды. Өз тарапынан Шыңғысхан да елшілік жіберді. 1218 жылдын көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады.

Даша1707
4,6(86 оценок)

Кошка, собака, корова, баран, много,  жидкий, суп, нос, голова, волосы, мама, дедушка, дом, цветы, классная работа, мой, они.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS