Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың
терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.
б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға
болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық
аспаптар жасап алды.
Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі
ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол –
қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік
музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық
дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді
сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін
аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына
ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді
сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-
фольклорлық музыкада, классикалық
шығармаларды орындауға қолданылатын,
мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы.
Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы.
Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың
арғы тегі болып саналады.
Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан
кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі
терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау
тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері
мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде
аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып
аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған. Шертер
аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол
бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық
аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне
байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш
ішекті болып келеді.
Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық
аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10
ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен
бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді.
Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық
аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде
қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады.
Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан
жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі
түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі
ықылым заманнан бері жылқының қылынан
тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз
аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең
үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды
халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді.
Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын -
шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа
«Қылқобыз сарыны»)
Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті
шертіп ойналатын музыкалық аспап.
Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік
тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан
қақпақ жабылып, үн беретін
ойықтары салынады. Жетіген
аспабының жасалуы да, ойнау әдіс -
тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел
арасында сақталған көне жетігеннің
ішегі аттың қылынан тағылып,
тиектің орнына асықтар
пайдаланылатын болған. Аспаптың
құлақ күйі осы асықтарды әрлі -
берлі жылжыту арқылы келтірілген.
Ішек сандары жетеу болғандықтан,
аспап жетіген аталған.
Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады.
Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып,
адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы
орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария
кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып,
«Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы
өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй
шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін,
төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа
«Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй
шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші
ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты
күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала
отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің
балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер
одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса
түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен.
«Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» -
«жетіген» деген ұғымды береді. (бейнебаян)
Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай
ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады.
Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі
болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы
мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген
халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз
тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі.
Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп
басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген.
Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде
октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда
жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған
қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап
табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен
өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар
екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль”
ноталары. (үнтаспа)
Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне
музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан,
кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 -
650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты.
Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе
күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері
туады. Сыбызғы негізінен бақташылар
арасында кең тараған. Бұл аспаптың
жетілдірілген түрі фольклорлық -
этнографиялық ансамблдер мен
оркестрлерде қолданылады.
Күй өнері
Құрманғазы Сағырбайұлы
1806 - 1879
Сүгір Әлиұлы
1882 – 1961
Ықылас Дүкенұлы
1843-1916
Нұрпейісова Дина
1861-1955
ологизмы
231
452
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
lilulurens18.02.2022 21:47
-
lovivirus123429.12.2022 15:34
-
Suslik111111.08.2020 12:44
-
Sapff1ra24.01.2020 17:47
-
Анна111111111111111208.06.2022 23:38
-
YaShKa11111104.03.2023 15:05
-
din4617.04.2021 01:42
-
simonlol9816.12.2021 12:32
-
Molyaneya24.06.2020 02:23
-
Сурикатина12.07.2021 08:19
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.