Есть ответ 👍

Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса, алдарынан әйел шығады. Олар жөн сұрасады. Әйел жолаушылардың Сырымға бара жатқанын біледі. Әйел жолаушыларға беріп жіберетін аманаты бар екенін айтып, соны Сырымға жеткізуді өтінеді де, шағын ғана зат береді.Заттың ішінде басының шекесінен, төбесінен, шелкесінен алған  үш тал шаш, бір жапырақ шүберек және тезек қаптың бір ұшы болады. Жолаушылар Сырым аулына келіп, болған мән-жайды айтып, аманатын тапсырады. - Бұл әйел Байбақты баласы көрінеді, елден ерте кеткен екен. Желкеден шаш алғаны - туған жерім, туысқан елім артымда қалды дегені. Төбеден шаш алғаны - содан бері мына бастан бірталай уақыт өтті дегені. Маңдайынан шаш алғаны - әлі жаспын, өмірден үмітім бар дегені. Көйлектің оң жақ қолтығынан шүберек жыртып бергені - қолтықта бауыр бар. Мен сенің бауырыңмын дегені. Байбақтының баласы екенін осыдан білдім. Қаптың бұрышын бергені - үйге тезекпен кіріп, күлмен шығып, күң болып жүрмін дегені, - дейді Сырым.
Біраз күн өткен соң, Сырым әйелдің аулына келеді. Мұндағылар қонақты жақсы қарсы алады , сосын Сырым осы ауылда қарындасының күң болып жүргені туралы айтып, оны босатуын өтінеді.
- Бұрын сен ол қарындасыңды көріп пе едің? - дейді ақсақал.
- Жоқ, көргенім жоқ,- дейді Сырым.
Сонда ақсақал:
- Бір түсті киінген қырық әйел, қырық еркек қарама-қарсы жүреді. Сол уақытта бір-біріңді танысаңдар, ауылдарыңа қайтыңдар. Танымасаңдар, ол осында қалады, - дейді.
Сөйтіп, қырық еркек пен қырық әйел қарама-қарсы жүргенде, көп әйелдің ортасында келе жатқан Байбақтының қызы қасындағы әйелдің құлағына:
- Анау қырық адамды бастап, қырық бірінші болып келе жатқан менің ағам Сырым, - деп сыбырлайды. Сырым да Байбақты қызын тани кетеді. Сонда ақсақал:
- Бір-біріңді қалай таныдыңдар? - деп сұрағанда Сырым:
- Қырық әйелдің отыз тоғызы өтіп бара жатқан еркектің бәрінің бетіне қарап, санап шықты. Ал мына әйел қатарынан асып кеткенше, менен көзін аудармады. Содан таптым, - дейді.
Ақсақал әйелден:
- Сырымды қалай таныдың? - деп сұрағанда ол:
- Сырымда ерекше үш қасиет бар: біріншісі - батырға біткен тұлғасы, екіншісі - өжет мінезі, үшіншісі - асқан даналығы бар деп еститін едім.. Ағамды осыдан  таныдым, - деген екен.
 
1. Мәтінде қарастырылған негізгі мәселені табыңыз.
А) Байбақты қызының жолаушылардан аманат жіберуі
В) Әйелдің  басынан үш тал шашын жіберуі
С) Әйелдің Сырым ағасына сәлем  жолдауы
D) Күңдікке кеткен әйелдің елін, бауырларын сағыну                                                                               
 
2. Мәселеге қатысты көзқарасыңыз? Себебі?
                                              
 
3. Кестені толтырыңыз
 
            Үзіндінің қай бөлігі әсер етті
                                 Неге?
 
 
 
                                                                                                                                                                           

 
 
 
4. Үзінді оқығаннан кейін  қандай қорытынды жасар едіңіз?


2) «Егеменді елдің  Елбасы» атты  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  арналған мектепте өткен іс-шараға шолу жасаңыз.Шолуыңызда мекен, мезгіл үстеулерді қолданыңыз.                                                                                                                             
 ​

143
390
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

RTF1111
4,6(92 оценок)

азат өте жаксы бала.

Объяснение:

мәтінді дұрыстап оксан түснесн

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS