Lulu8080
07.06.2023 07:21
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

1 Сал-серілер дегеніміз кімдер?
2 Ақан, Біржан сал-серілер тобына жата ма?
3 Сал мен сері сөздерінің арасында айырмашылық бар ма?
4 Сал- серілік дәстүрдің негізін салушылар кімдер ?
5 Бүгінгінің сал-серілері кім?

183
329
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

danyabro1
4,7(63 оценок)

1. Сал-серілер-мырза, адал, ақ көңіл өнерлі адамдар. Сал, сері бір өзі халықтың алдында өнерін көрсете алатын адам. Сал-серілер сан түрлі өнерді игереді. Олар ақын, әнші, композитор ретінде қазақтың өнерін, музыкасын дамытып, жаңа белеске көтергендігін, әрі әншілік-сазгерлік шығармашылықтың өзіндік озық үлгі-өрнегін қалыптастырғандығын, поэзия мен музыканың, халықтың ойын-сауық өнерлерін ұштастырып келгендігін, ең бастысы қазақ поэзиясының дамуына зор үлестерін қосқандықтарын әдебиетші, өнертанушы ғалымдар әлі күнге дейін зерттеп келеді.

2. Иә, Ақан, Біржан сал-серілер тобына жатады. Себебі, Біржанның бойында салдықтың белгісі мол көрінсе, Ақанда серілік өнердің қасиеті басым. Біржан мен Ақанда сал-серілік өнердің әншілік, ақындық, музыканттық, эстетикалық қырлары көп көрінеді.

3.Сал мен сері деп аталатын екі тұлғаның бір-бірінен аз да болса айырмашылықтары бар.

Сал дегеніміз — аса талантты, бір өзі бір театрдың қызметін атқаратын, ерекше әрі қымбат, әсем киінген, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті мүлде бөлек, дүниесін, мал-жанын осы жолда аямайтын мәрт, жомарт жан. Оның киімдері кісі таңданарлықтай басқаша үлгіде тігіледі. Сән-салтанатты басқа, ер-тұрманы да сұлу әрі сымбатты, әшекейлі. Сал — халықтың еркесі, қызығы, думаны.

Сері де — сал сияқты әнші, күйші, ақын, өнерпаз. Оның киім киісі сұлі да сыпайы. Осындай өнердің сыртында ол — сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын, әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, әрі шешен, әрі шебер, қысқасы, халық сөзімен айтқанда, "сегіз қырлы, бір сырлы" аса биік тұлғалы азамат. Мысалы, атақты Сегіз сері осындай жігіт болған.

4.Тарих көзімен қарағанда, серілік ту баста түрік қағанаты кезінен шыға баста­ған. Серілікті әдет қылған ойшыл кісінің бірі атақты Иоллық деген кісі. Ол өзі ғажайып аңшы, мерген, атты әдемілеп ұстайтын ат сейіл, сонымен қатар ол асқан ақын, жырау. Ағалары Білге хан мен Күлтегін қайтыс болғанда оларға арнап эпикалы оқиғаларды әдемілеп құрып, оны тасқа жазып қалдырған да осы атақты Иоллық тегін. Және де қазақ аңыздары бойынша Қор­қыт – ескі дәуірдегі серілікті бастау­шы­лар­дың бірі. Осыдан он үш ғасыр бұрын жасаған атақты шешен, ел басқарушы, сонымен қатар атақты жырау, ақын, күйші, бірінші қобыз жасаушы қазақ музыкасының атасы.

5.Сал-сері деп кімдерді айтамыз? Бұл сұраққа нақтылы жауап беру қиындау. Заман мен қоғам бір орнында тұрмайды. Түн ескіріп, күн жаңарған сайын ол да өзгереді. Сол секілді, бүгінде Ақан мен Біржанның заманы емес. Шашубай мен Исаның дәуірі келмеске кетті. Енді, әрбір адам өзін тудырған заманына қарай бейімделеді ғой. Егер солай деп түсінсек, онда бүгінгі заманның сал-серілерінің қатарына әншілер мен айтыскер ақындарды жатқызуға болатын секілді. Әншілер де, айтыс ақындары да халықтың ішінде көп жүреді, олардың ішкі әлемі қарапайым халықпен тығыз байланысты. Екеуі де халықтың өнерін халықтың өзіне насихаттайды. Бірақ, бұл сал-серілік деген аясы кең ұғымға қалай болар екен деп те ойланамыз.

nadinnik4
4,7(75 оценок)

«кітап – алтын сандық», «кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген даналарымыздың сөздері бекерге  айтылмаса керек. өйткені тарихының өзі кітап. жабырқаған сәтте де жанына медетті осы кітап беттерінен іздейді емес пе? ал бүгінгі заманауи озық технология заманында өсіп келетін жас ұрпақтың кітап қасиетіне үңіле бермейтіні жасырын емес. елбасы н.ә.назарбаев «ххі ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. осы орайда жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оның рухани құндылықтарын ұғындыру және тілдік қорын мақсатында шілденің 26-сы күні аудандық достық үйінде «кітап – сарқылмас рухани қазына» атты аудандық байқау өтті. 

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS