Есть ответ 👍

Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Анасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге тапсырды.
Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне су құйды.
Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады. Ол бұған қатты қуанды. Балық аулаймын деп кеш болып кеткенін Дәурен байқамады. Бір кезде анасының сөзі есіне түсті:
– Ау, достарым, мен үйге қайттым. Анам «Малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.
Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.
– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.
– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.
– Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.
– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп. Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.

1. Мәтінге қандай ат лайықты?
а) Балық аулау
ә) Қайырымды әпке
б) Ананың тапсырмасы
в) Дәуреннің көмегі
2. Дәурен үйге неге кеш келді?
а) Сабақтан кеш шықты.
ә) Балықтың қызығына түсті.
б) Малға шөп жинады.
в) Далада доппен ойнады.
3. Гүлнәрдің мінезіне лайық сөздерді табыңыз.
а) өсекші, өтірікші, жалқау
ә) ұқыпты, таза, еңбекқор
б) білімді, тұйық, қыңыр
в) іскер, пысық, арам
4. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Үйінде қартың болса — асыл қазынаң
ә) Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
б) Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
в) Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайыннан көреді.
5. Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.
а) Дәурен балық аулағанды жақсы көрмейді.
ә) Дәурен әпкесін сыйламайды.
б) Дәурен уақыттың өткенін байқамай қалды.
в) Дәурен үйге ерте келді.
6. Мәтінде қазақтың туыстарына көрсететін қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған?
а) тазалық
ә) еңбекқорлық
б) жалқаулық
в) бауырмалдық
7. Мәтіннен синоним сөздерді табыңыз.
8. Қай сөйлемде етістіктің қалау райы бар?
а) Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті.
ә) Малға шөпті уақтылы бер.
б) Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой.
в) Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.
9. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
а) Дәуреннің анасы қайда жұмыс істейді?
ә) Гүлнардың жасы нешеде?
б) Дәурен анасына қандай көмек көрсетуі керек?
в) Дәурен нешінші сыныпта оқиды?
10. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
а) үй сыпыру, еден сүрту, гүлге су құю
ә) балық аулау, кеш келу, малға шөп салу, Дәуреннің ризашылығы
б) достармен өзенге бару, қуану, кеш келу
в) көйлек жуу, еден сүрту, су әкелу

266
283
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Nurbakyt2103
4,6(7 оценок)

Яучусь в 6 классе. моя школа находится не далеко от моего дома. то есть это 7 астоновок. я езжу на трамвае номер 1. я сожусь на астоновке ə.молдағұлова а схожу на астоновке школа. я незнаю как переводится 2 обзац. в 1ом классе папа возил меня в школу на машине. и мне было не тяжело добираться от дома до школы. я даже называю трамвай номер 1 моим собственным транспортом это точно правильный перевод в классе с учительницей переводили

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS