Есть ответ 👍

Написать сочинение "қозы корпеш - баян сұлу"на казахском языке

259
324
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

FLASHSAVITAR
4,5(25 оценок)

xiii-xiv ғасырлардан бастап жырланып, xix ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының  лиро-эпостық жыры.

поэма сыбанбай, бекбау,  жанақ,  шөже  ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - жанақтың нұсқасы. алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: г.саблуков (1830), ғ.дербісалин (1834), а.фролов (1841),  шоқан уәлиханов  (1856). жырдың мазмұнын м.путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін в.радлов "түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).

сюжеті

жыр сарыбай мен қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, қозы мен баянды күні бұрын атастыруынан басталады. сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген сарыбай, көре алмай қаза табады. атастырылып қойған қозы мен баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. уақыт өте келе сараң қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан қодарға ұзатпақшы болады. қос ғашықтың арасына тосқауыл болған қодар, айласын асырып, зұлымдықпен қозының басын алады. қайғыдан қабырғасы қайысқан баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. ол қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. алданған қодар баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. сөйтіп қозының кегі қайтарылады. батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.

жырдың негізгі идеясы

«қозы көрпеш - баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспендік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. поэманы оқыған ң мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған қарабай мен қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. жырда  айтыс, тұрмыс-салт жырлары:   естірту,  жоқтау,  қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. сыбанбай, бекбау,  жанақ,  шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.

Lollladka1
4,6(39 оценок)

шоқан  1835 жылдың  қараша  айында құсмұрын бекетінде қазіргі  қостанай облысы  әулиекөл ауданындағы  құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан шыңғыс уәлиханов отбасында дүниеге келген. әкесі шыңғыс уәлиханұлы сол кезде аманқарағай дуанының (орталығы қараоба мекені) аға сұлтаны болған. округ орталығы 1844 жылы құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты құсмұрын болып өзгертілді. шоқанның өз атасы уәли орта жүздің ханы болған. арғы атасы қазақ ордасының ұлы ханы  абылай, шоқан оның шөбересі. шоқанның қ шағы қыс кезінде обаған бойындағы күнтимес ордасында,  жазда  есілдің  оң саласы  аққанбұрлық  алабындағы ата  жайлауда  өткен. әжесі айғаным тұратын сырымбеттегі хан ордасында да әурен күндерін өткізген.«жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан,  күнтимес  ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде  хат  таныған шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол кезінен білімге бейім әрі құмар болған. шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі айғанымның ықпалы күшті болды. ол жас шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. шоқан 12 жасына дейін құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол кезінен білімге бейім әрі құмар болған. шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі айғанымның ықпалы күшті болды. ол жас шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. шоқан 12 жасына дейін құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.

шоқанның ата- атақты сұлтандар әулетіне жатады. оның арғы бабасы  абылай хан  xvii ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. ал атасы  уәли хан  патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. шоқанның әкесі -  шыңғыс уәлиханов  білімді болған. ол  1834 жылы  омбыда сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: құсмұрын округінің аға сұлтаны, сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі,  көкшетау  округінің аға сұлтаны болды. россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде  дворян  атағы берілді. шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары —  баянауыл өлкесіндегі  атақты  шормановтар әулеті  болатын.  шорманов мұса  орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі,  баянауыл  сыртқы округының аға сұлтаны еді.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS