Эссе қысқаша əр тақырапқа: 1) Заманына қарай киімі. 2) Мінез-адам сыны. 3) Мамандық таңдау-болашақты тағдау. 4) Менің сүйікті кейіпкерім. 5) Қазақтың уақыт өлшемдері
Ответы на вопрос:
Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Ақыл мен мінез кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория. Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бейнесінің саралануына ықпалды. Бар болмысын, сезім серпінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер шарайна
Объяснение:
Заманына қарай киімі
Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамның материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екінші жағынан – ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы
Мамандық таңдау болашақты тағдау
Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
Менің сүйікті кейіпкерім
Кітап қай кезде де а ң айнымас досы, мызғымас тірегі, таусылмас ақылшысы. Мен үнемі «Кітап — өмір азығы» деген мақалды есімнен шығармай, өз ұранымдай жадыма тоқып жүремін. Достарыма да мұны айтудан жалыққан емеспін. Қолым қалт етсе кітап оқып, сол кітап кейіпкерлерімен мұңдасып, сырласып, өзгеше бір әлемде жүргендей ерекше бір күйге түсем.
Мен үшін барлық кітап қызықты, әрбір кейіпкер ұнамды. Бірақ солардың ішінде өзім ерекше қадір тұтатын, қастерлеп, үлгі ететін бір кейіпкерім бар. Құпия емес, сондықтан сіздермен бөлісе отырайын. Ол — Тайлан батыр. Кәдімгі еліміздің қайсар ұлдарының, қарымды жазушыларының бірі Әбіш Кекілбаев қаламынан туған «Үркер» романындағы қазақтың дара хандарының бірі Әбілқайыр ханның досы.
Қазақтың уақыт өлшемдері
Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат, т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті – сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
iyliaz4ay03.12.2020 17:40
-
Zavgorodnev0408.06.2023 11:47
-
Хамеда03.01.2022 02:43
-
natalia0406200118.08.2022 00:25
-
eligi234509.10.2020 22:24
-
Tatyana2341113.01.2020 13:09
-
trekstreks919ozyvc105.06.2020 22:18
-
leski03.06.2023 05:59
-
Angelinohka534527.07.2020 10:44
-
masloshick12.02.2020 03:11
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.