Ответы на вопрос:
Буржуазия– (французша bourgeoіsіe — қала тұрғындары) — елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Оның табыс көзін өндіріс пен саудадағы және қаржы-кредит салаларындағы кәсіпкерлік қызметі құрайды. Буржуазия 16 ғасырдағы революциялар мен реформалар кезінен қалыптаса бастап, өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың дамуына және демократияның орнығуына ықпал етті. Қазіргі дамыған елдерде ірі өнеркәсіп және қаржы Буржуазиясы билікке араласу мүмкіндігіне қол жеткізген. Дамушы елдерде Буржуазияның қалыптасуы қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты болады. Социалдық құрылысқа көшкен елдерде Буржуазия тап ретінде жойылған. Социалдық жүйеден бас тартып,нарықтық экономика мен азаматтық қоғам құруға бағыт алған елдерде ірі меншік иелері мен кәсіпкерлікпен шұғылданушылар тобы қалыптасуда.
Объяснение:
Капитализм– жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экономикалық мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экономикалық құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс.
ХХ ғасырдан бастап капиталистік қоғамда мемлекеттің маңызы өзгерді. Экономиканың теңгерімділігін қолдап, дамыту жолында мемлекеттің рөлі күшейді. Әсіресе, рынок пен монополияларды бақылау барысында экономиканың жеке меншік секторымен қатар мемлекеттік сектор, яғни “мемлекеттік капитализм” пайда болды. Мемлекет мүмкіндігінше экономиканың дағдарысын болдырмау саясатын жүргізді, халықтың табысын қайта бөлу арқылы қоғамдағы әділетсіздіктің “тігісін жатқызуға” тырысты. Осы кезден бастап нарықтық экономикаға негізделген капиталистік жүйесінде кейбір мемлекеттендіру және қоғамдастыру нышандары енгізілді. Теорияшылар капитализм жүйесінің эволюциясына әр түрлі баға берді: кейбір идеологтар бұл өзгерістерді аралас жүйенің пайда болуымен, яғни экономикада рынок нышандарымен қатар жоспарлау нышандарының да болуымен байланыстырды, онда мемлекет төреші ретінде рыноктың жүгенсіз күштеріне бақылау жүргізіп, түзетіп отырады деп түсіндірді.
Капитализм дүниеге буржуазиа мен жұмысшы табын әкелді.
Бұл жүйеде келесі қатынастарды ажыратуға болады:
1.Өндіріс құрал- жабдықтарына меншіктік жөніңдегі қатынастар және тікелей өндіріс, тарату, айырбастау және тұтыну жүйесіндегі туындайтын таптар арасындағы қатынастар (экономикалық қатынастар);
2. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (саяси қатынастар);
3.Құқықтық тәртіп жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (құқықтық қатынастар);
4.Өнегелік (адамгершілік) нормаларды жүзеге асыруға байланысты таптар арасындағы қатынас (өнегелік қатынастар);
5. Идеологиалық, көркемдік және басқа рухани құндылықтарды жасау мен тұтынуға байланысты таптар арасындағы қатынас (тар мағынасындағы рухани қатынастар).Қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасағанда теқ қана тап аралық емес, сондай-ақ таптың ішіндегі айырмашылықтарды ескеру керек. Таптардың ішінде әр түрлі қабаттарды, құрамдас бөлімдерді, отрядтарды айыру олардың қоғамдық болмысы мен мүдделерін анық түсінуге және олардың әлеуметтік және саяси жағдайын жорамалдауға мүмкіндік береді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы әлеуметтік дүниеде мұндай қайшылықтар өте маңызды болып табылады (қаржы капиталы мен өнеркәсіпшілер арасында, кіші бизнес пен корпорациялар және т. б. арасындағы қайшылықтар).
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
Stanislav17702.09.2022 20:18
-
ilyailushin07.02.2023 12:55
-
русанин08.04.2023 06:31
-
Borkborkk30.07.2021 22:47
-
Kybe00910.09.2021 00:59
-
Nadya021005.04.2020 07:31
-
Polinadonut06.12.2020 00:36
-
Сhubby25.04.2021 22:36
-
Kiber04ек19.02.2023 23:49
-
Aresn15.01.2023 18:06
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.