Ответы на вопрос:
Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жайттардың шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық әдеби дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркем өнердің халықтық сипаты арта тұсті. Орыс әдебиетінде реалистік әдіс А. С. Пушкин шығармалары арқылы қалыптасып, М. Ю. Лермонтов, Н. В. Гоголь, И. А. Гончаров, И. С. Тургенев, Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, А. П. Чехов сияқты жазушылардың шығармаларында жан-жақты дамыды. Кейде реалистік әдіспен жазылған шығармаларда шыншылдық пен сыншылдық араласып келгенде сыншыл реализм деген ұғым да қолданылады. Абай шығармаларына тән көркемдік әдістен реализмнің де, сыншыл реализмнің де сипат-белгілері молынан көрінеді. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты, адамды болса да ол қоғамдық, әлеуметтік тамырын, маңызын аша суреттей отырып, оның адам үшін, қоғам үшін пайдалы, зиянды жақтарын айқын көрсетеді. Міне, бұл ерекшелік Абайдың өмірді суреттеу тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі, сайып келгенде, әдебиетімізде сыншыл реализм әдісінің туып, қалыптасуы еді. Бұл бүкіл көркемдік танымымызға Абай әкелген жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі.
Абай әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің «өмір оқулығы» ретінде атқаратын қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Жастарды озық мәдениетке, өнер-білімге, адал еңбекке шақырып, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды қалыптастыруға тек өресі биік әдебиет қана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі өмір бойы сол жолда ізденді.
Абай әдебиетке мүлдем жаңа міндет жүктеді. «Түзетпек ем заманды» деп, әдебиеттің өмірді дамытуға, түзетуге, өзгертуге шешуші үлес қосуын, белсенді қызмет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін уақыттың үлкен талабы ретінде ұсынды. Абайдың реалистік әдісі әсіресе адамның типтік бейнесін суреттеуден айқын аңғарылады. Ең алдымен Абайдың адам мен қоғам жайындағы тұжырымы - қазақ топырағындағы жаңа көзқарас. Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, өлеуметтік тұрмысқа байланыстыра қарап, бағалап бейнелейді. Мысалы, Абай өлеңдерінен неше түрлі байдың әлеуметтік тип дәрежесіне көтерілген жинақталған бейнесін бүкіл іші-сыртымен көз алдымызға келтіреміз. Солардың бірі «Өз малын өзінікі дей алмай, күндіз күлкі, түнде ұйқысы» бұзылған бай. Бұл кәдімгі бір жағынан патша үкіметінің билеуші әкімсымақтар, екінші жағынан, ел ішіндегі би, болыс, төрелер тарапынан екі жақты қыспаққа ұшырап, есі шығып, өз малын өзі билей алмай әлекке түсіп, жапа шегіп жүрген сасық бай. Немесе Абайдың болысын алайық. Бұл да Абаймен замандас, 19 ғасырдың 80-90 жылдарының болысы. Ол ата-бабасынан ел билеген феодал, шынжыр балақ шұбар төс емес, билікке малымен, байлығымен қолы жеткен, қулығы байлығынан да басым сұм-сұрқия, пысық жан. Оның ел билеу тәсілі, адамдармен қатынасы алдау- арбауға, әлдіге келгенде шыбындап, әлсізге келгенде қырындауға негізделген. Абай мұндай билеушілер басқарған ел ісінің оңға баспайтынын үлкен көркемдік шындық, идеялық түйін ретінде ұсынады. Абай адам бейнесін қоғамдық орнына, мүддесіне, сол мүддеге жету жолындағы ішкі сезімі мен айла-тәсіліне байланысты жасады. Ол өз заманындағы сан түрлі әлеуметтік топтардың барлығын да осы тұрғыдан терең зерттеп көре де, бейнелей де білді. Қожа, молда, ауылнай, жүзбасы, еңбексіз мал таппақшы пысық, амалын тауып кун кермек епті, «бұзылса елдің арасы, мал таппаймын демейтін» қулар, қулықты ат-шапаннан кем кермейтін даңғой, дарақы, той-думаншы бозбала, еңбексіз еріншектер т. б. ақын шығармаларынан кең орын алып, өздеріне ғана тән типтік жағдай, типтік сипаттарымен көрінеді. Ақын осыншама сұм-сұрқия адамдар мен олардың өзара қатынастарынан қүрылған қоғамдық тұрмыстың тозығы жетіп, ескіргенін өз шығармашылығының бүкіл рухымен дәлелдейді. Абай шығармаларында халықтың өмір-тұрмысы, мінез-құлқы, іс-әрекеттері, ғұрып-салты, өнегесі, өнері, қоғамдық өмірдің сан-алуан қайшылықтары жан-жақты, толық, асқан көркемдік шеберлікпен бейнеленген.
Абай шығармашылығы өз дәуірінің көркем шежіресі болумен қатар халықтың алдағы күннен күткен арман- тілегінің де көрінісі. Өйткені ақын шығармаларына, өз көзінің ең озық талап-мүдделері мен идеяларын арқау етті, олардан оптимистік ерекше сенім мен қуат, нәр алды, бүкіл болмысымен жарқын келешекке қарай ұмтылды.[1][2]
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Другие предметы
-
evgehamorozov28.08.2022 02:49
-
Govnomer22812.04.2021 08:00
-
annakrasnikova207.08.2020 23:36
-
MrCony27.05.2021 05:27
-
FurtiFool13.06.2023 03:20
-
VolkovaI26.04.2022 07:29
-
Vhrgrg01.06.2023 02:53
-
vkakochka23.09.2022 09:19
-
Кукамука29.11.2022 03:47
-
ДашаКошкина119.08.2020 07:19
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.