Есть ответ 👍

Ұлы дала тарихы Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрған Қазақстан үшін биылғы жыл табыстар мен жетістіктердің, оң өзгерістер мен мерейлі тойлардың жылы болып отыр. Солардың ішінде Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды ауқымы кең, мағынасы терең даталы мерекелердің алатын орны ерекше.

Осындай тарихи кезеңде елімізді әлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды. Бұл ұсыныс қазақстандықтармен қоса алыс-жақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да айрықша қолдауға ие болды.

«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Осы орайда президент мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді.

«Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оны шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқырған күн бейнеленген», – деді Назарбаев.

Президент Қазақстан атауы бүгінгі күні барша әлем халқына танылған атау болып отырғандығын баса атап өтті.

«Бірақ біз халықтың ішінде ұлы даланың ұрпағымыз десек, келіп тұрған сияқты. Ол халықтық атау болуы керек», – деді елбасы.

Тамырын тереңнен алған бұл ерекше атау егемен еліміздің дүниежүзіне бұдан да артық таныла түсуіне, мемлекеттік, ұлттық имиджіміздің көтерілуіне орасан ықпал етпек.

Дүниежүзінде бейресми атауға ие бірқатар мемлекеттер бар. Мысалы, әлем халықтары Англияны – «Тұманды Альбион», Кубаны – «Бостандық аралы», Жапонияны – «Күншығыс елі», Қытайды – «Аспанасты елі», Голландияны – «Қызғалдақтар елі», Кореяны – «Таңғы шық елі» деп біледі. Елбасы өзі атап өткендей біздің елімізге осындай атаулы бренд жетіспейді. Осы идеяны көтерген Мемлекет басшысы: «Біз – Ұлы Даланың баласымыз. Ұлы Дала, көк аспан… Біздің бабалырымыз тәңір деп, жарық пен көк түсінігін ұмытпаған. Біздің Көк туымыздың астары да осында. Біз – Ұлы Даланың балаларымыз. Міне, осы тарихымыз бен жаңа брендті байланыстыра отырып, біз Қазақстанды жаңа Қазақстан ретінде танытуымыз керек», деген келелі ойды ортаға тастады. Осы орайда, Мемлекет басшысы ата-бабаларымыздан аманат-мұра болып қалған, Алтай мен Атырауды, Арқа мен Жетісудың арасында кең көсіліп жатқан ұлан-ғайыр мемлекетіміздің «Ұлы Дала елі» атануына ерекше мазмұн, биік мағына беріп отыр.

Көне тарихи жазбаларға көз жүгіртсек, «Ұлы Дала» ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз. Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жыр, қисса, дастандарда, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс әдебиеттерінде, Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі. Демек, Қазақстанның «Ұлы Дала елі» деген бейресми, қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар. Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес, бұл халқымыздың кеңпейіл дархандығының, мемлекеттік күш-қуатының, айрықша мәртебесі мен Тәуелсіздігінің айнымас символикалық бір нышаны ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан, ендігі кезекте, осы ерекше атауды өз санамызға сіңіріп қана қоймай, оны дүниежүзі халықтары алдында барынша насихаттап, айшықтауымыз қажет.

234
365
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

danchik1106
4,5(7 оценок)

Повест. мен қазақстанда өмір сүремін. я живу в казахстане. воск. ура мен бес алдым! ура я получил пятерку! вопрос. сенің атың кім? тебя как зовут? побуд. вася үй жұмысың жаз! вася иди делай уроки!

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS