Мәтінді мұқият оқыңыз. Терминдер мен ғылыми деректерді орынды қолдана отырып, өз пайымдауыңызды жазыңыз, термин сөздердің астын сызыңыз. [5] «Қызыл кітапқа» енген жануарлар
«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. «Қазақстанның Қызыл кітабының» екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.
Бірінші басылым 1978 жылы
«Қазақстанның Қызыл кітабының» бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша:
А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер;
Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі, балықтың 4, қосмекенділердің 1,бауырымен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді.
Екінші басылым 1991 жылы
«Қазақстанның Қызыл кітабының» толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. "Қазақстанның Қызыл кітабының" екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген.
Үшінші басылым 1996 жылы
«Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы "Жануарлар", оның бірінші бөлімі "Омыртқалылар" деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген."Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
1-категория – жойылып бара жатқан;
2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория – сирек кездесетін;
4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. "Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. "Қазақстанның Қызыл кітабының" өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың 1 түрі берілген.
«Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
224
456
Ответы на вопрос:
1) Іс қағаздардың түрлері: өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит-кард, өтініш, арыз, заң, үкім, ереже, жарғы, жарлық, хабарлама, бұйрық.
13) Мінездеме деген түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
22) Қолхат деген іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша не бір басқа қымбат дүниені алғанын растайтын құжат түрі.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
ayshatalieva0128.03.2020 02:14
-
Dilnaz1001112.05.2020 03:04
-
Костя1098765432123.08.2022 09:45
-
ZHICH18.03.2020 17:00
-
nikodima200505.12.2020 21:13
-
goshaaaAa11.10.2020 05:23
-
Ден0Морозов31.05.2023 15:23
-
Ru582903.08.2020 06:19
-
DiroL2116.06.2020 22:45
-
romab0719.01.2023 00:27
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.