Есть ответ 👍

Мында эссе (тақырып)берілген сол қандай эссенің түрлеріне жатады? Түрлері;
1)Анықтамалық
2)Әңгіме
3)Сипаттамалық
4)Түсіндірмелі
5)Дәлелді
6)Аргуменнттік
7)Аналитакалық
8)Салыстыру
9)Себеп салдар
10)Үдеріс эссесі

Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан –отбасынан басталады» дегендей, отанды сүю отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – баланың алғашқы ұжымы.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл – ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата –ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке –бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Түркістан қаласына жақындай бергенде алыстан көзге түсетін ғимарат – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Кесененің көк күмбезі алыстан мұндалап бірден көрінеді. Кесенеге жақындай келе он төртінші ғасырдың соңында соғылған ғимараттың осы кезеңге дейін өңін бермеген құдыреттілігіне сүйсіне түсесің…

Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин: «Менің ұлтымды сұраған кезде, менің әкем –орыс, анам – кәріс, ал мен – қазақпын деп жауап беремін», - дейді. Себебі ол өзінің Қазақстанда туғанын мақтан тұтады және қазақ елінде білім алып, ер жеткенін айтады. Сондай –ақ әлемдік ірі жарыстарға қатысуына әрқашан қазақ елінің қолдау көрсеткеніне алғыс білдіреді. Ол қазақ ұлтына құрмет ретінде шаршы алаңға қазақы ою – өрнекті шапан киіп шығады және өзінің барлық жеңістерін Қазақстанға арнаймын дейді.

Қоғамда жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыс саны көбейген. Ол интернеттің таралуымен тікелей байланысты. Қазір интернетті кез келген жерде, кез келген бағытта, кез келген уақытта қолдануға болады. Ал жасөспірімдердің оны мақсатсыз, қадағалаусыз қолдануы интернеттен түрлі қылмысқа жетелейтін ақпараттарды көруіне немесе оқуына мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселені шешудің бірден – бір жолы – жасөспірімдерге интернет қолдануға тыйым салу немесе олардың қолдануын қатаң бақылауға алу қажет.

Әлеуметтік желілердің пайда болуы адамдардың өзара қарым –қатынасына серпін бергенімен, шынайы қатынасына кері әсерін тигізуде. Кей адамдар әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, пікір білдіріп жатқанымен, олардың күнделікті өмірдегі мінез –құлқынан мұндай жағдайды байқай бермейміз. Смартфондардың шығуы мен интернеттің тез таралуы әлеуметтік желілердің қарқынды дамуына түрткі болуда. Ал оған еліткен адамдар шынайы қарым – қатынас жасаудан қалып бара жатыр. Мәселен, кездесуге келген достардың арасындас барлығының бір сәтте түгелдей әлеуметтік желіге сүңгіп кеткендерін жиі байқауға болады.

Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйінде жиырмаға тарта баланы отырғызып, Мәжит қожаның азан –қазан қып оқытып жататыны. О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ал бұ күнде Мекалайдың жалыны түгіл, әуелі қабірін таба алар ма екенсің. Бұ күнде ондағы ызбарын төгіп отыратын Мәжекең де, бет –аузы ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қыжырайып, төсегінде жатыр. Пай -пай –пай! Көрінде өкіргір, Қожекем –ай! Жөнсіз қатал едің –ау, жарықтық! (Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романынан үзінді.)

Қаламсаппен жазу мен мәтінді компьтерде терудің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Аталған екі жолмен де мәтін жазуға болады. Мәселен, студенттер конспект жасағанда, дәріс жазғанда қалам қолданады. Ал эссе немесе жазбаша тапсырмаларды компбютер арқылы теруі мүмкін. Кейбір адамдар компьютер арқылы терудің орнына қаламмен жазғанды қалауы мүмкін, себебі қолмен жазу барысында компьютер және мәтінді қағазға басу үшін арнайы көшірме аппараты қажет емес. Бірақ компьютермен теру кезінде қателерді тез түзетуге және мәтінді қалауынша безендіруге болады.

Түрлі гаджеттердің адам көзінің көру қабілетінің нашарлауына әкеп соғатыны белгілі. Планшеттер мен телефондардың экрандарынан шығатын көк сәуле өте зиян. Сондықтан гаджеттерге ұзақ әрі жиі қарау көздің көру қабілетін күрт нашарлатуы мүмкін.

254
326
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

dfcbktw
4,8(46 оценок)

Ушканы кызык жалпылдап ози оседай каркылдак ёрзали

Еси

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS