1-тапсырма. №18 сұхбатты мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша тапсырманы орындаңыз. Тыңдалған сұхбат бойынша қай кейіпкердің сөзі екенін табыңыз.
Кейіпкердің аты
Қайырлы кеш, Мақсат! Жағдайымыз жақсы. Сенің жағдайың қалай?
...
Жоқ, о не дегендерің? Бүгін саябақта біраз қыдырып демалғым келеді.
Неге жалғыз келдің? Дамирмен келемін деп едің ғой?
Әнекей, Дамир де келе жатыр.
Қазір Каспий жағалауында болсақ, Каспийдің аққуларын көрер едің.
Берілген сөз тіркестерінің аудармасын беріңіз.
демалғым келеді –
келер еді –
өткізгіміз келеді –
қыдырар едік –
көргім келіп тұр –
Тыңдалған сұхбаттың мазмұнын айтыңыз.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен қалау рай формасында сөйлемдер құраңыз.
Сөз тіркесі Сөйлем
саябақта демалу Кешке қарай саябақта демалғым келеді.
тамаша серуендеу
таза ауа жұту
табиғатта серуендеу
уақыт өткізу
кітап оқу
музыка тыңдау
концерт кору
қайықта жүзу
жануарларды көру
3-тапсырма. Берілген суреттер бойынша 3 сөйлемнен құраңыз.
5-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Мәтіннен кейінгі тапсырмаларды орындаңыз.
М.Горький саябағындағы серуен
Қаламыздың ең көрікті орындарының бірі М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы айтқым келеді. Алматының кезекті шуақты күнінде осында келдік. Қол ұстасқан ғашықтар, жүздері жайнаған ана мен бала, көңілдері көтеріңкі ата мен әже... Саябақтың негізгі қонақтары осылар екен. Саябақ қақпасынан енгенде төселіп жатқан гүл-кілемге бірден көзің түседі. Саябақтың төрінен орын алған М.Горький біздерге «Қош келдіңдер!» деп, серуенге шақырып тұрғандай болды. Сондай-ақ, балаларға арналған мультфильмдердің қаһармандары қарсы алатын болады.
Саябақта 2000-нан астам өсімдіктер мен жасыл желектер өседі. Қолдан жасалған су қоймалары (су аттракциондары, қайық станциялары), «Родина» кинотеатры, «Спартак» стадионы, велотрек, спорт кешендері, хайуанаттар бағы, мәдени іс-шараларды өткізетін алаңдар бар. 16 ірі аттракциондар жұмыс істейді. Саябақтағы ең сұлу, жанға ең жайлы жер – саябақ ішін жарып өтетін Кіші Алматы өзені. Өзен айналасында серуендеп, алаңсыз демалуға, қайықтарға мініп, серуен құруға болады. Демалыс және мереке күндері саябаққа келетін адамдардың саны 100 мыңға жетеді екен.
Берілген сөз тіркестерін мәтін мазмұны бойынша сәйкестендіріп көріңіз.
1 ең көрікті орын А М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы
2 көңіл көтеру Ә ғашықтар, ана мен бала, ата-әже
3 саябақ қонақтары Б қыдыру, серуендеу
4 Алматы Кіші өзені В демалыс күндері, мереке күндері
5 саябаққа бару Г қайыққа міну
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына ...ар/ер/р еді формасын қоя отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- Сізге қайта таңдау берілсе, қандай университетке (түсу) ...?
-
- Жазғы демалыста қай жаққа (бару) ...?
-
- Қолың боста қандай фильм (қарау) ...?
-
- Еркің болса, қай мемлекетте (тұру) ...?
-
Өзіңізді тексеріңіз.
1. Сөйлемді қалау мағынасында жалғастырыңыз: «Менің саябаққа ... ».
а) барамын
b) бармақпын
с) бармаймын
d) барғым келеді
2. Сөйлемді толықтырыңыз: «Демала білу де - ... ».
а) өнер
b) еңбек
с) жұмыс
d) жоспар
3. Дұрыс нұсқадағы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Бүгін саябақта серуендейміз.
b) Бос уақытым жоқ менің бүгін.
с) Барамыз жексенбіде киноға.
d) Қыдыратын уақыт көп болады менде.
4. Мағыналас сөйлемді табыңыз: «Досыммен саябақта кездеспекпін».
а) Досыммен саябақта кездестім.
b) Досыммен саябақта кездесемін.
с) Досыммен саябақта кездеспеймін.
d) Досыммен саябақта кездесіп жүрмін.
150
254
Ответы на вопрос:
2 лебедя они плавали и охотник застрелил самку а 2 лебедь самец он страдал улетел высоко и как камень полетел вниз и разбился он говорил охотнику чтоб он тоже его застрелил.в общем суть этого произведение что лебеди самые верные только они могут любить всю жизнь.главные герои 2лебедя и охотник
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
BlackPorshe235603.01.2020 05:50
-
Fiascobratan22818.06.2021 06:11
-
егорбаглаев1127.11.2022 12:30
-
Катя88111813.01.2023 16:59
-
Arra123456625.02.2023 08:51
-
Tumutova200603.04.2021 12:06
-
томкавеликая16.04.2020 09:28
-
li49417.05.2022 00:08
-
Frororo26.09.2020 16:42
-
OVSANKASIR18.07.2022 01:20
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.