Laly009
13.02.2020 08:53
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Ақ бидай сте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қатты қуаңшылык болады. Күннің оттай ыстық аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсімдік біткен сұмдық тарығады. Сол бір кезде тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы да бидайды жан-жағынан қаумалай, тұс-тұсынан алқымға ала бастайды. Тамыры мықтылары Бидай өсіп тұрған жердің астындағы суды тартып алады. Оның маңындағы қорегін жыры әкетіп жатады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмей багады. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында, олер халге жетеді. Сосын ол олай-былай жүгіріп, жортып өткен әр қилы аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып өткен үлкен-кіші құстарға да жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешқайсысы құлақ аса қоймайды. Енді өлдім ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам кезігеді. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады, мүшкіл халін бастан-ая, баяндап береді. Адам біраз ойланып тұрып, ақырында, Бидайдың өтінішін қабыл алады Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, бірден іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы жауыз шөптердің бәрін қолымен жұлып отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан арам тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды. Сосын біраз жердегі ағып жатқан бұлаққа барып, тақиясын толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып, өзінің көзін құртқалы тұс-тұсынан анталап келіп қалған жауынан құтылғаннан кейін бой түзеп, құлпырып сала береді. Адам да ауық-ауық келіп-кетіп, Ақ бидайға қамқор болып жүреді. Қаской шептер мен тікендерді бидайдың маңына жолатпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады. Содан күзге салым Бидай сарғайып піседі. Баданадай бар дәнін, бір түйірін шашау шығармай Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір күз, бір қыс сақтайды. Көктем шыққаннан кейін ақылы мен білігінің арқасында үйшігінің алдындағы тегістеу жерді қопсытып, соған әлгі дәндерді сеуіп тастайды. Жаз бойы арам шөптерді жұлып, уағында суарады, баптап, тұрады. Ақырында, еңбегі зая кетпей, күзде Адам дән сепкен жерінен бір дорба бидай алады. Келесі жылы - бір қап, сосын - он қап, сөйте-сөйте - мың қап. Қойшы, бара-бара а жететіндей бидайды әлденеше еселеп, миллион қап етіп алатын болады. Адам мен Ақ бидайдың ажырамас достастығы есте жоқ ерте заманда осылай басталған екен. Қасым Қайсенов 1. Бидайға кім көмектесті?
2. Өсімдіктер не үшін тарықты?
3. Бидайдың мұң-зарына кімдер құлақ аспады?
4. Адам мен Ақ бидайдың достастығы қай кезден басталды?
5. Оқиға қандай жерде болды?
6. Адам мен Ақ бидайдың ажырамас достастығына не себеп болды?
7. Адам бидайға көмектеспегенде не болар еді?
8. Бидайды қазақ тілі, жанындағы шөптерді өзге тілдер деп алыңыз да, мәтін құраңыз.

166
299
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Объяснение:

1. Адам

2. Себебі күннің оттай ыстық аптабы, ылғалдың тапшылығы басталады.

3. Әр қилы аңдар, әрлі-берлі ұшқан құстар

4. Ерте заманнан

5. Орманда

6. Адамның ақ бидайды құтқарып қалуы,оған мезгілімен қарап күткені,оған алғыс ретінде бидайдың өз ақ бидайын беруі.

7. Ақ бидай өліп қалар еді.

Solomina2
4,8(73 оценок)

Саябаг- корень да-суффикс

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS