JanoX
21.08.2021 07:51
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Бағзы өткен заманда, жер беті бүтін аманда бір елдің ашкөз патшасы болыпты. Патша қатал, мейірімсіз екен. Халқының мұң-зарымен арызына құлақ аспайды. Патша халқына салық салып, одан түскен пайданы қамбасына құяды. Құйған сайын патша көзіне қамбадағы алтын аз болып көрінеді. Көзі тоймайды екен. Қамбасы алтын теңгеге толып тұрған патшаның халқы ішерге тамақ, киерге киім таппайды екен. Осы елде Өсер есімді бағбан өмір сүрген еді. Өсер алақандай ауласына қауын егіп, одан түскен өніммен күнелтеді екен. Патшаның салығы Өсерге ауыр тиеді. Келесі салықты патша қамбасына салар кезде келеді. Өсер патша қамбасына бір тиында бермеуге бекінеді.
-Патша бұйрығына бағынбадың, — деп Өсерді патша жендеттері сүйрелеп сарайға алып келеді.
Сұсты, қабағы қатулы патша :
-Неге бұйрыққа бағынбайсың – дейді.
Өсер болса:
— Хан ием! Аз ғана қауынымды қамбаға берсем балаларымды қалай асыраймын, — дейді.
Өсердің сөзін түсінгісі келмеген патша бағбанның қауындарын тартып алады. Бағбанға патша сөзіне бағынбадың деп дүре соқтырып, жазалайды.
Өсер астаң-кестеңі шығып жатқан бақшасына оралып, бос жатқан топырақ үстіне отыра кетеді. Көз жасы көл болады. Аз отырды ма, көп отырды ма белгісіз, бір уақытта топырақ астында жатқан шишаның шетін көреді. Ақырындап суырып еді, әп-әдемі безендірілген құмыра екен. Ішінде не бар деген оймен тығынын суырып қалғаны сол ысқыра шыққан үн мен күші, адам ұшырар желден шошынып, жерге жата қалады. Бұл жойқын дауыл еді. Дауыл бүкіл патшалықты үрейлендіріп, бар – жоқтыны ұшыра бастайды. Адамдар үйлеріне тығылып қалады.
Бір күн соқты ма, әлде жүз күн бе белгісіз, біруақытта дауыл басылады. Далаға шыққан халық жерде шашылып жатқан алтын теңгелерді көреді. Бағбаншы да бақшасында шашылған алтындарды көріп қуанады. Бұл алтындар патша қамбасынан еді. Дауылдың дүлей соққысы патша қамбасын аспанға көтеріп, алтындарын шашып жіберіпті. Алтындарына жүгіремін деген патшаны дауыл соғып, екі көзі көр соқыр болып қалған екен.
Халық ашкөз патшаға соқырлық берілген жаза деп түсініп, патша орнына еңбекқор Өсерді хан сайлапты. Өсер қол астындағы халқына қауын өсіртіп, елін бай-қуатты патшалыққа айналдырыпты. Соқыр болған патша көзін қайтармаққа ел кезіп, жер кезіп дауылды іздеп жүр деседі.
Составьте пересказ для этого текста

155
221
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

aliher01
4,7(68 оценок)

Саган кай телеарна унайды? маган 31 телеарна унайды. ал неге ол саган унайды? сол телеарнада коп программа корсетеды, да уакыт бар олар мульсериал мен ералаш корсетеды. тагы бар ма сенде телеарна унайтын саган? ия бар. олар кандай? нтв. 1канал. хабар. ктк. казахстанда телеарна жаксы ма? ия маган унайды. тебе какой нравиться телеканал? мне нравиться 31 канал. а почему тебенравиться этот канал? этот канал много програм показывает и детям тоже уделяют время показывая мультфильм и ералаш. а есть еще телеканалы котопые тебе нравиться? да есть. это какие? нтв. первый канал. хабар.ктк. в казахстане хорошие телеканалы? да мне нравиться.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS