Masimo1
17.07.2020 03:41
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

10. заттын тизимин жаса Р.абочия тетрадь стр. 64 4 класс (Казахской клавиатуры нету)

142
430
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

vorwq08oz21jg
4,6(97 оценок)

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дəстүрлері, көнеден бастау алатын сан қырлы мəдениеті, өзіндік игі əдет-ғұрыптары бар. Олардың ішіндегі ең өміршеңі отбасылық салт-дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар болып отыр. Өзінің ұзақ тарихында кең даланың тұрғындары баланың дүниеге келіп, ержетуіне, қонақ күту, тұрмыстағы əр түрлі ғұрыптарға жəне адамның үйленуі мен қайтыс болуына байланысты отбасылық өмірдің тұтас бір ритуалдық жүйесін құра алды. Біздің   мақсатымыз — осы тұтас ритуалдар ішінен бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпай, негізінен берік жəне толық сақталып отырған баланың туылуы мен тəрбиесіне жəне жерлеуге қатысты отбасылық ғұрыптарды қарастыру.

Атам қазақ «Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар» деп айтқандай, қазақ əйелдерінің тұрмысқа шыққан соңғы басты міндеті көп баланы дүниеге əкелу болып табылды. Əйелдің бедеулігі өзі мен ері үшін үлкен бақытсыздық саналды. Сондықтан қазақ халқы əйелдің қалыңдық болып, оң босағадан аттап шыққан кезінен бастап, барлық маңызды кезеңде оны, ең алдымен, болашақ баласыздықтан сақтау үшін көзден, тіл-сұқтан, зиянкестен қорғау шараларын қарастырған. Олардың қатарына қызды үйінен басынан тұз айналдырып шығару, қалыңдық қайын атасының үйіне алғаш кіргенде отпен аластау, бөстекке отырғызу жəне оның бет-жүзін бүркемелеп ешкімге көрсетпеу жатады. Сонымен бірге үйлену тойы барысында ырыммен бедеу, айықпас ауруы бар, кесапат саналатын əйелдер маңызды істерге араластырылмайды. Этнограф-ғалым Р.Снесарев атап көрсеткендей, «бедеуліктен құтылудың жолы оны екінші əйелге өткізу» [1]. Үйленуге байланысты көптеген əдет-ғұрыптарды өсіп-өнген, балалы-шағалы əйелдердің атқаруы осындай сенімге байланысты келіп шыққан.

Қазақ мəдениетінде аяғы ауырлаған келінге, бір жағынан, қамқорлық жасалғанымен, екінші жағынан, ол барлық үй шаруасын көп жағдайларда ауыр жұмыстармен қосып атқаруын жалғастыра берген. И.Ибрагимовтың көрсетуінше, «қазақтарда жүкті əйел тіпті өзінің жүктілігінің соңғы күніне дейін жұмысын жалғастыра береді. Мықты

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS