22 қыркүйек Бүгін Саматпен тағы шекісіп қалдым. Сіздер мені «өзі бір бұзақы бала екен ғой?!» деп ойлап қалмаңыздар. Бәрін бастайтын Саматтың өзі. Жоғарыда айтқандай, сыныптағы балаларға қарадай тиісіп жүреді. Өйтпесе, көңілі көншімейді-ау деймін. Міне, сол «шошқа» үзіліс кезінде (мен солай атаған соң, барлық бала «шошқа» деп кеткен оны) менің қаламымды ұрлап алыпты сөмкемнен (Мен жоқта сөмкемді ақтарғанын Әсем көріп қойыпты. Сол айтқан маған). Ауылда қалған Әлияның сыйға берген қаламы ғой. Басқа қалам болса ештеңе емес, оны сұраса өзім де бере салармын. Ал сыйлықты қалай беріп қоярсың?! Содан оған:
- Самат, қаламымды қайтар! Оны ауылдағы Әлия сыйға тартқан, - дедім жаймен ғана (Әлияның атын не үшін атағанымды өзім де түсінбеймін).
- Оу, балалар, естідіңдер ғой?! Кенжебектің ауылында қалған «сүйікті» қызы сыйға берген қалам екен. Байғұс қыз алыста жүрсе де қаламды көрген сайын есіне түсіріп, ұмытпасын деген шығар, - деп, сыныпты басына көтерді. Әрі шиқ-шиқ етіп қояды. Даусы, тілі неткен ащы еді, пәтшағардың!
Шыдай алмай кеттім. Енді ше, мұндай қорлыққа, мазаққа кім шыдасын?! Өзімді салмақты ұстағаныммен болмады.
Сөйтіп, Саматты кеудесінен итеріп кеп қалдым. Ол артқа қарай тәлтіректеп кетті. Басы қабырғаға соғылды, білем, баж ете қалды. Содан соң аз-кем басын ұстап тұрды да, маған төне ұмтылды. Абырой болғанда, қоңырау соғылып, сыныпқа мұғалім кіріп келді. Ал ол қаламымды дереу қайтара қойды. Бірақ оқты көзімен мені бір атты.
«Сабақтан шыққан соң төбелестің көкесі басталар» деп іштей қобалжығанмын. Бірақ олай болмады, ол маған қайта соқтықпады. Қаймығып қалды ма, ол жағы белгісіз.
Сабақ бітісімен автобус аялдамасына бет алғанмын. Кенет, ту сыртымнан «Кенжебек» деген таныс дауыс естілді. Сыныптасым Әсем екен. Ол салған жерден:
- Сен дұрыс істедің! - деді.
- Нені?
- Шошқа Саматты айтамын да. Оған қарсы келгеніңді айтамын да. Бұған дейін оған ешкім қарсы келмеп еді. Соған құтырған ғой ол. Өткенде менің шашымнан тартқылап қоймап еді. Бәлем, сол керек! Сен дұрыс істедің!
- Жә, Әсем, ештеңе емес, егер шындап келгенде, ол менен әлді, мықты. Бірақ мықтылық күшпен өлшенбеуі керек, біліммен өлшенуі керек! - дедім. Әсем құдды мені жаңа көргендей аңтарыла қарап қалыпты. Менің екі бетім ду ете қалды. Әрине, бұлай деп сөйлегенім бұл жерде орынсыз секілді көрінді. Алайда бұл - шын сөзім еді. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дейді ғой?!
Мәтінде қандай заң бұзушылық орын алғанын анықтап, өз көзқарасыңды білді. Қалай ойлайсың, әңгіме авторының Әсемге берген жауабымен келісуге болады ма? («Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дейді ғой?!).
143
245
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
dimas19414.11.2022 14:20
-
Aixerel23.02.2022 19:12
-
Mimimishkaaaa29.07.2020 16:14
-
Настюша111829.03.2021 14:31
-
Катер00703.04.2021 11:13
-
nkarakulina09.06.2023 17:59
-
педро22811.06.2023 22:51
-
Tania123613.06.2021 18:40
-
лидуська2222.05.2023 18:02
-
GrootShkolnik06.02.2022 02:29
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.