FYBKF
19.12.2022 23:25
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Осы тексте нелогизм, термин сөздер және кәсіби сөздер табу керек.

Күләш Байсеітова атындағы Ұлттық опера және балет театры - Астана төріндегі өнер ордасы. 2000 жылдың қайтар айында Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театры ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен аталмыш жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді.

Театрдың алғашқы маусымын 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды.

Әр маусым сайын театр репертуары жаңарып, классикалық шығармалармен толықтырылды. Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (қоюшы-режиссер Әзірбайжан Мәмбетов) және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» қойылымдары театрға жаңа дем беріп, операны терең түсінуге ықпал етті. Ал Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» поэмасы желісімен қойылған эксперименталдық қойылымы Астана қаласының мәдени өміріне үлкен жаңалық енгізді. Театр репертуары В.А. Моцарттың «Фигароның үйлену тойы», Ж. Массненің «Жас Вертердің махаббаты мен ажалы», Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-сан», П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», Дж. Вердидің «Травиата» опералары мен П. Чайковский «Аққу көлі», А. Адам «Жизель», Л. Минкус «Дон Кихот», Ш. Гуноның «Вальпургий» балеттері сияқты бірқатар қойылымдармен толықтырылды.

Республикамыздағы жас театрларының қатарына енетін бұл театр құрамында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының түлектері мен белгілі қазақстандық әртістер қызмет ете бастады.

Ұлттық театр әншілерінің есімдері кеңінен таныла бастады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев, Қазақстанның халық әртісі Хорлан Қалиламбекова, Жанат Бақтай, Айгүл Ниязова, Байғали Момбеков, Наталья Мизюк, Маргарита Дворецкая, Ғалия Байғазинова, Жанат Шыбықбаев, Қияқбай Асамбаев, Бағдат Бекішов, Ескендір Әбжанов, Гүлжанат Сапақова, Роза Сағындықова, Елена Низамутдинова, С. Кауков, Г. Құрманғожаева, Г. Усина, Ғ. Бегалина, А. Мұқатова, М. Өнербаева, Ж. Әубәкіров, Р. Сейітбеков, А. Сыпатаев, А. Құлбеков, Р. Асанов опера әншілері мен балет бишілері өнерсүйер қауымның көзайымына айналды.

2004 жылы Күләш Бейсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры Халықаралық музыкалық театрлардың ассоциациясының құрамына мүше болды. Театрдың опера және балет труппалары АҚШ, Греция, Швеция, Түркия, Қытай, Корея, Австрия, Италия, Франция, Ресей елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық мәдени алмасуға қатысты.

231
347
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Италия13
4,7(50 оценок)

Менің білуімше біздің сыныпта ақылды оқушылар көп. Бірақ кейбірі ақылды екенін білмейді, себебі жалқау. Жалқау болғандықтан сабақты да дұрыс оқымауы мүмкін. Сыныпта тентек оқушы жоқ. Алайда мінезі аздап қиын оқушылар бар. Біздің сыныптың оқушылары бір-біріне сыпайы сөйлейді. Кейде апай сыныптан шығып кеткенде шулайтынын да айта кету керек.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS