Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәтінге аннотация не тезис жазыңдар. Жұптасып, бір-біріңнің жұмыстарыңа логикалық түзетулер енгізіп, редакциялаңдар. Жауабы:
197
422
Ответы на вопрос:
Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.ғасырлар бойы қалыптасқан қ жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды.осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді.ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.абай өзінің ілік, гуманистік, қоғамдық, эстетикалық ізденістерін бүкіл дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұластырып, өзі де жаңа биік деңгейге көтеріле түсті, сол арқылы бүкіл қ идеяларға жол тапты.ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалық биікке алып шықты.абайдың әдеби мұрасының дүниежүзілік мәні оның өз шығармаларында туған халқының мүддесін, түпкі мақсат-мұратын айқын көрсете отырып, жалпы қ құндылықтарды жете бағалай білген ұлы ақынға тән суреткерлік дарындылығынан, кемеңгер ойшылдығынан айқын танылады.абай жас шағында семей қаласындағы мұсылманша медреседе оқыды. бұл жылдары ол араб, парсы, шағатай тілдерін тез меңгерді, шығыс классиктері сағди, науаи, низами, физули, хафиздің, т. б. шығармаларымен танысты. сонымен қатар ол орыс мектебіне де барып жүреді. өзінің ерекше қабілеттілігі және зейін қойып, зор ықыласпен үйренуі арқасында абай орыс тілін де игереді. алайда, әкесі құнанбай оны енді өзінің жанында ұстап, бірте-бірте ел билеу ісіне араластырмақ ниетпен ауылға қайтарып алады. ендігі жерде абай ел арасындағы әр түрлі ру таласы, жер дауы, жесір дауы секілді істерге араласып, қолында күші бар топтардың әділетсіздігін көріп, әр түрлі топ өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін үнемі байқап жүреді. олардың істеген істеріндегі, күнделікті қылықтарындағы мағынасыздықты, бітпейтін талас-тартыстың, өнімсіз әуресарсаңмен күн өткізушіліктің ел басына үлкенауыртпалық түсіріп отырғанын терең түсіне бастайды. абай осылай қоғам өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүддесі үшін, адалдық, ілік үшін күресуге ұмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, елді, жастарды адал еңбек етуге, өнер үйренуге, білім, ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат еткен абай осы ой-пікірін жалпы жұртқа жария етуге, солардың жүрегіне ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал өлең сөз, ақындық өнер деп санайды. бойындағы ақындық қуатын осы жолға жұмсау қажет деп түсінеді.абайдың кейінгі, кемелденген шағында шығыс ойшылдарының философия, теология, логика, тарих жөніндегі еңбектерін терең зерттегендігін, түркі поэзиясымен қатар араб, парсы поэзиясына қызығуы арта түскенін оның шығармаларынан да байқауға болады. жылдар өте абайдың батыс европа елдерінің қоғамдық-философиялық жетістіктеріне, француз, ағылшын, неміс ағартушыларының шығармаларына деген ынта-ықыласы арта түседі. ол өзінің шығармашылық ізденістерінде пушкин, лермонтов, крылов, салтыков-щедрин, лев толстой сияқты көркем сез шеберлері мен ойшылдарының өнегесінен тағылым ала білді. гете, байрон, шиллер сияқты батыс европа ақындары да абайдың назарын аударады. абай поэзиясы қазақ әдебиетіндегі мүлде жаңа құбылыс, жаңа кезең болғанын айта отырып, ақынның шығармашылық өнерінің негізгі тірегі, сарқылмас қайнар көзі халық поэзиясы, жүздеген жырау, жыршы, ақындарды туғызған халықтың сан ғасырлық бай әдеби мұрасы дейміз. халықтың өмірімен, поэзиясымен терең тамырластығы абайдың ақындық тұлғасына ана сүтімен біткен қасиеттей ұлттық, даралық сипат бергені даусыз.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
good12917.03.2021 00:29
-
llllll1311.03.2021 15:19
-
ENGPrO08.06.2021 10:19
-
Mon4521.12.2020 06:13
-
anisimovaanech14.10.2022 00:08
-
Kotazzz04.06.2021 18:27
-
Gadik22827.06.2023 09:40
-
Hgfdc13.12.2022 06:46
-
Qweryuibcdd28.12.2022 11:51
-
ггвв29.09.2021 17:54
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.