Ответы на вопрос:
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы ң дүниетанымын, ішкі сезімін, жандүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен танымының формасы. өнер өмірде болған оқиғалардықаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де ң шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. өнердің мақсаты – дүниені, өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке тағдыры, ң қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. осыған сай өнердің: . көркем әдебиет , . музыка , . мүсін , . кескіндеме , . театр , . кино , . би , . сәулет өнері , т.б. түрлері бар. өнердің қызметін, қоғамдық сананың, танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. өнер жеке тұлғаның жан-жақты жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, ң қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. өнер туындысы сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысынакүйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, ң санасына жол табады. ң көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта , ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды: 1) мекендік немесе пластикалдық ( кескіндеме , мүсін , графика , көркем фото , архитектура , т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері, 2) мезгілдік (сөз және музыка өнері ), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері. 3) мекенді-мезгілдік ( би , актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр , кино , телевизия , эстрада , цирк , т. яғни көркем бейненібелгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері. сөз өнері іштей – жазба әдебиет , ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. ауыз әдебиеті – эпос , лирика , драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет , пейзаж , натюрморт , сахна өнері , комедия , трагедия , водевил , т.б. жанрларға бөлінеді. өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдарыболады. “ өнер алды – қызыл тіл ” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел , жұмбақ , лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретіндеқарастыруға да болады. халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. соларды саралай отырып, ң көркем қиялмен ойлау жүйесінің , жетілу жолдарын аңғарамыз
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
p5wf389f08.05.2020 08:59
-
slothy09.08.2022 09:08
-
arinamerkylceva13.06.2022 17:01
-
Киря000129.07.2021 05:08
-
хорошист43823.12.2022 22:46
-
SofyaProstova17.07.2021 00:57
-
soom221.05.2021 22:41
-
ЛирияПатиева09.12.2022 09:06
-
БекБека14.01.2023 13:31
-
tatos105.12.2022 04:31
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.