Есть ответ 👍

Тілдің сөздік құрамы – өз халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық саяси өмірінің, рухани байлықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұрмыс, тарихи өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады. * Мәтіндегі өзекті тақырыпты көрсетіңіз.

А. халықтың тұрмысы
В. тарихи өзгерістер
С. тіл мәселесі
D. шаруашылық түрлері
Күн – жерден орташа алғанда 150 млн км қашықтықта орналасқан ғаламшар. Ол – біздің галактиканың кішігірім жұлдызы. Жарық Жер бетіне секундына 300 000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді. Жарық бір жылда 9 460 528 405 000 км жол жол жүреді. Осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады. Ғалымдар галактикалардың жасы 12-15 миллиардқа жуық жыл аралығын құрайды деп санайды. Орталыққа жақын орналасқан жұлдыздар кәрі, ал шеткері орналасқан жұлдыздар жас болып саналады. *
Мәтін мазмұнынан алшақ қатар қайсы?

А. Жарық жер бетіне минутына 300 мың км жылдамдықпен жетеді.
В. Күн – біздің галактиканың кішігірім жұлдызы.
С. Жұлдыздар да кәрі жұлдыз, жас жұлдыз деп бөлінеді.
D. Ғаламшарлар мен аспан денелері жан-жақты зерттелген.
Ең алғашқы құлыптың құрылымының тарихы нақты сақталмаған. Тіпті оны жасаушы адамның да есімі белгілі емес. ... біздің заманымызға дейін құлыптардың үш түрі сақталды: жапсырмалы, аспалы және ойып орнатылатын құлыптар. Солардың ішіндегі жапсырмалы құлыптың тарихы тым ертеде жатыр. Оның отаны - Ежелгі Мысыр. Мысырдан жапсырмалы құлып Грекияға және Римге қарай жетті. Мұндай құлыпты біз де қолданып жүрміз. Бұрынғы жапсырмалы құлыптардың кілттері өте ауыр болған. Оны ежелгі Мысыр тұрғындары иықтарына іліп алып жүрген көрінеді. *
. Мәтін мазмұны не жайында?

А. құлып-кілттердің салмағы туралы
В. құлыптардың қызметі жайында түсінік беру
С. құлыптардың түрлерімен таныстыру
D. құлыптардың пайда болуы жайында ақпарат беру
Ресми іс-қағаздар стиліне жатпайтын қатарды анықтаңыз. *

А. сенімхат, қолхат
В. мақала, хикая
С. өмірбаян, түйіндеме
D. хаттама, анықтама
Диалог жиі қолданылатын стиль түрін көрсетіңіз *

А. көркем әдебиет стилі
В. ғылыми стиль
С. ресми іс-қағаздар стилі
D. ауызекі сөйлеу стилі
Автордың өз әсерін, сезімін қоса суреттеуі стиліне тән. *

көркем әдебиет
ауызекі сөйлеу стиліне
публицистикалық
ресми
Шылым түтінін бүгінде бүкіл ғалам «ажал түтіні» деп бағалап отыр. Сондықтан да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекіге қарсы ауқымды Конвенцияға қол қойды. Қазақстанда темекіге қарсы ұлттық коалиция құрылды. Оның атқарушы директоры – Т.Ә.Ізмұханбетов. Темекі зардабынан жабысқан кеселден қаншама адам ауру болады. Шылымды өзің тартпағанмен, қасыңдағы шылым шеккендердің түтінін жұтудың өзі өте зиянды. *
Публицистикалық стиль аясында жазылған мәтіннің басты ерекшелігі

А. көпшілік назарын аудару
В. оқиғаның мәнін ашу
С. көпшілікті жаңалықтармен таныстыру
D. барлығы дұрыс
Сабын – жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONА. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Сабынды көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристал қатты заттар, 220 — 270 C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан алады. *
Мәтіннің ғылыми ерекшелігін айқындап тұрған қатар қайсы? 1. сабын құрамына зерттеу жүргізу 2 .термин сөздер

А. екеуі де дұрыс
В. екеуі де бұрыс
С. біріншісі
D. екіншісі
Берілген суретке сәйкес сөйлемнің ауыспалы мағынада қолданылған түрін өзіме мақсат еткім келеді. Ол сөйлем: *

Подпись отсутствует
A. Сатымен үй төбесіне шығамын.
B. Сатыны сапалы жасау керек.
C. Өмірдің әр сатысынан сүрінбей өту керек.
D. Дүкенге барып саты алмақшымын.
«Ыстық» сөзі қай қатарда ауыспалы мағынада қолданылып тұр? *

A. Атасы баласына ыстық ықыласын білдірді.
B. Мұрат ыстық шай ішті.
C. Жаздың ыстық күнінде балалар өзен аңғарында шомылып жүр.
D. Ыстық пештің үстінде шәугім бұрқ-сарқ етіп қайнап жатыр.
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мыктыны теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны баскара алмадың», - деп өкпелепті. Нұралыға бір кездескенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы: - Батыр, қайырылтып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым: - Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті *
Мәтін стилін анықтаңыз.

A. ауызекі сөйлеу стилі
B. көркем әдебиет стилі
C. ғылыми стиль
D. ресми стиль
Нұралы «Тасып жүрсің-ау» деп Сырымға қандай мінезді меңзеді *

A. өркөкіректікті
B. кішіпейілдікті
C. арамдықты
D. адалдықты

187
203
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Объяснение:

Зерделіде оқисынба?

ярик471
4,6(35 оценок)

Қойдың сүтінен ірімшік, құрт ,айран , қаймақ, сары май жасалады

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS