Ответы на вопрос:
ответ:Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.
Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың қыдырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да - поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар.
Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адамнравственная личность. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және шартты түрдегі аңыздық бояуды алыптастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында керінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады Байлықтан қашады.
Ал, Абайда ол шықпаған. Масғүт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті, Шәмси-жиһіан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның күңі болған делінеді.
«...Есер, есірік болмасаң Тіршіліктен пайда жоқ...» -
дейтуғын ызалы, ащы мысқылдарын еске түсіреді. Сөйтіп, қорыта айтқанда, Масғұттағы идея - араб, шығыс аңызының идеясы емес. Ақын шығармаларының бұрын басқаша жанр, стильде айтылып жүрген идеялары болады. Бірақ сол жайлары заманындағы халдерден туған сыншылдық ойлар болғандықтан, ескі Бағдат тонын кидіргенше, өз тұсындағы қазақтың өзіндік тіршілігінен алып, сюжетті сол болмыстан құрастырып қиюластырса, шығарманың басты идеялары оқушыларына орағытып жетпей, төтелей жеткен болар еді. Оқиға ментіл, аңыз материалы бойынша Абай қазақ оқушысына бөтен реальностьтармен сөздерді қолдана отырады. Бөтен аттар арабтан алынғандықтан, араб сөздері кездеседі. Бірақ, өлеңдік түр жағынан қарағанда, бұл шығарма төрт жолды шумақтан, 11 буынды жолдардан құралып,анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде жазылады..
Дастан 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алгаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта толық емес күйінде, кейін толық түрінде 1939 жылғы басылымда жарияланды. Шығарма басылымдарында аздаған текстологиялық өзгөрістер кездеседі.
1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 1-шумақтың 2-жолы «Тілге жар бер, берілсін тура мақсұт», 7-шумақтың 1-жолы «Бай емен, батыр емен, хан да емеспін», 4-жолы «Жақсылықты білмейтін шал да емеспін», 13- шумақтың 2-жолы «Сары жесең, дәулетің судай тасыр» делінсе, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы басылым негізінде «Тілге яр бер, білінсін түғры мақсут», «Бай емен, батыр емен, хан емеспін», «Жақсылықты білмейтін шал емеспін», «Сарыны алсең, дәулетің судай тасыр» болып түзетілген. 1939, 1945 жылғыжинақтарда 16-шумақтың 1-жолы «Мен болсам егер, ағын жемек едім», 24-шумақтың 3-жолы «Хан қаһар, қара халқы қастық қылса», 25-шумақтың 2-жолы «Үйінде тексерілмес дау бола ма?», 34-шумақтың 1-жолы «Ол судан тамам суға су қуйылар» болса, 1957, 1977 жылғы басылымдарда «Мен болсам егер ағын жемек дедім», «Хан қаһар, қара кісі қастық қылса», «Бойында тексерілмес дау бола ма?», «Ол судан таман суға су қуйылар» түрінде берілген. Ал, 1954 жылғы жинақта 24-шумақтың З-жолы «Хан қаһар, қара халық қастық қылса». 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 31-шумақтың 1-жолы «Ендігіге не сурау бұл заманда?» деп алынса, 1933, 1957, 1977 жылғы басылымдарда «Ендігіге не сурау бұл жалғанда?» түрінде қабылданған.
Поэма ағылшын, азербайжан, араб, қарақалпақ, қырғыз, қытай, латыш, орыс, өзбек, татар, үйғыр тілдеріне аударылған.
Объяснение:вт(•_•)
азақ айтыс әлемінде өзіндік орны бар айтулы ақын Айтақын Бұлғақовты білмейтін, танымайтын адам кемде-кем. Әкенің ұлттық айтыс өнеріне деген махаббаты ұлы Жандарбектің де киелі сахнаның төріне шығуына ықпал етті. Атадан балаға мирас болып қалған киелі дәстүр ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ғұмырлы өнеріміздің даңқын асқақтата түсті. Әке мен баланың тамаша айтысын көрерменге ұсынған Бұлғақовтар жайлы айтылар әңгіме көп-ақ.
Жандарбек БҰЛҒАҚОВ – 2013 жылғы «Алтын домбыра» иесі. Жас та болса айтары көп ақын. Халықаралық айтыстарда бақ сынап үлгерген Жандарбекпен сұхбаттасудың сәті түсіп еді.
– «Бір бала бар әкеге жете туар, Бір бала бар әкеден өте туар, Бір бала бар әкеден кете туар» деген сөз бар. Сізді әкеден өте туған ақын деп айта аламыз ба?
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
sofyashevtsova10.05.2022 00:54
-
Gowaimargowa12309.01.2021 18:31
-
MCKOLYA23.07.2022 06:37
-
Катя3621125.08.2021 20:40
-
Linamalinagamnina18.02.2020 03:30
-
Андрей2211111126.04.2020 01:40
-
олтисьл22.04.2020 02:39
-
baby252504.04.2020 04:56
-
Lera680710.08.2020 05:52
-
333310025.11.2020 11:03
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.