Текст Ауыл — адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі, қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті АНА болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі. Елбасымыздың:«Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз»,- деген сөзі өте дұрыс айтылған.Елбасының мақаласы турасын айтқанда, ұлтымыздың ұясы, алтын бесігі, ырыстың кіндігі саналып келе жатқан ауыл туралы салиқалы сөзі көңілге ерекше бір серпін берді. Ауыл түлесе – қазақ түлейді. Өйткені, ауыл мен қазақ ажырамас ұғымдар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «А – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің тү¬бінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деп жазады бағ¬дарламалық мақаласында.
Русский перевод
Деревня - это место, где человечество открыло дверь в мир и ожило. Это святилище пуповины, крови и кожи многих поколений до нас. Самая могущественная МАТЬ в мире, деревня - мать всех людей, пища жизни. Верны слова Президента: «Нельзя забывать, что корни любого народа лежат в деревне». Если платит село, платят казахи. Ведь село и казах неразделимы. Президент Нурсултан Назарбаев: «Люди обладают не только безграничным разумом, но и прекрасными чувствами. Родина - священное место, где каждый падает на землю, работает и умирает, место, где многие люди живут вечно. Куда бы он ни пошел, в его сердце нет души, которая бы не », - написал он в программной статье.
Ответы на вопрос:
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.
Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз.
16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналыдық.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз қарыштап дамуда. Алға қарай ілгерілеу мақсатында судьялар мен сот мамандырына қажетті жағдайлар жасалып, сот мәжілістерін өткізу заманауи техникамен жабдықталып өткізілуде. Әрбір сотқа қатысушы тараптар сот шешімдерін ғаламтор арқылы оқи алады. Қазіргі техниканың дамыған заманында заңды білмейтін азамат кемде-кем. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.
Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
shevchukmaria216.04.2020 09:21
-
poprop34327.04.2020 07:28
-
Naati14pr04.04.2020 03:10
-
gaukhars0118.08.2022 11:26
-
shshdbAsan07.02.2023 23:08
-
ILoveChemistry215.05.2023 15:04
-
sasavotchel11.06.2020 02:25
-
astatined22.05.2022 00:33
-
Frienden20.10.2020 19:09
-
Bill54209.04.2023 13:43
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.