Есть ответ 👍

2-тапсырма: «Ата-баба аманатына адалмыз ба?» тақырыбына эссе жазу

297
416
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

sagatsayazhan
4,6(61 оценок)

Ата-баба аманатына қазіргі уақытта қиянат жасай бастағандар көбейіп жатыр. Ата-бабамыз біздерге оқыңдар, елді алға қарай бастаңдар, адал болыңдар, жігіттік немесе қыздық мәртебелеріңді жоғалтпаңдар, деп өсиет қалдырып кеткен. Ал қазіргі уақыттағы жастар, арам жолдарға түсіп, аманатқа қиянат жасап жатыр. Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат», деп жауға шапқан батырларымыз қаншама. Сол ата-әжелерімізді, аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз. Олардың қатарында, қазақтың ұлт болып ұйысуын, ұлттық мемлекетіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын, өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап, жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген билер үлестерін жатқызуға болады. Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар, Исатай, Махамбетке т.б. байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді. Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан — Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Абай, Шоқан, Ыбырай және одан кейінгі ақын жазушыларымыз дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдеді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. 1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың Қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі — көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат болып қала береді.

Snake505
4,7(6 оценок)

  абай кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, шортанбай, дулат, бұқар жырау, марабай, шөжелерді тыңдап өскен. анасы ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. оның ағасы (әкесі тұрланның інісі) тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; құнанбай қажы "ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының окытқан. абай сегіз жасында өуелі сол "ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы ғабит-ханнан оқыған. әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң семейдегі ахмет риза медресесіне береді. онда 3 жыл окыған, медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. бұл тұста м.о. әуезовтің "өзі тұстас үлкен-кіші ң барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу абайға өзге анағүрлым оңай тиген. көп уақытын алмаған. сондықтан барлық артылған уақытын абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. қуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. сол күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. абай бір жағынан шығыс классиктері низами, сағди, қожа хафиз, науаи, физули, жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан а.с. пушкин, а.и. герцен, м.е. салтыков-щедрин, н.а. некрасов, м.ю. лермонтов, л.н. толстой, и.а. крылов, ф.м. достоевский, и.с. тургенов, н.г.чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, батыс әдебиетінен гете, дж. байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. құнанбай абайдың өзге ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. сөйтіп 13 жастағы абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. қоңыркекше еліне болыс болады. бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. абай кейіннен, 1886 ж. е.п. михаэлистің ұсынысымен, семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. абай 1880 ж. и. долгополов, а. а. леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі." 

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS