Ответы на вопрос:
Қазағымның сөнбейді алтын күні
«Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, а ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды.
Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс.
Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Мағжан, Мұхтар, Сәбит, Жұбандар сөйлеткен қазақ тілі. Қазақ халқымен, бірге абыройлы да асқақ, сынақты да сындарлы тағдырды басынан кешірді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді ел басқару ісіне арластырып, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, кемеңгер ойдың кемелді арнасы, тілінен бал тамған, қара қылды қақ жарған әділетті би- шешендер ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді.
Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе аламыз. А өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүюі тиісті екені анық.
Табысқан соң дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем.
Ана тілі бойыма сіңдің шым-шым,
Даусыменен анамның әлдилеген.
Тіл- қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға анасындай қымбат. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- ана тілі.
Бүгінгі күні біздің елімізде тілдердің үш тұғырлығы деген жаңа термин де пайда болды. Әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де жетік білуді талап етуде. Жас ұрпақтың білім ордаланыда осыған орай шет тілін меңгеру үшін білім алып жатқаны да қуантады. Әрине, әлемдік даму үрдістерінен кейін қалып қоюға болмайды. Бірақ онсыз да өз елінде еркін өркендей алмаған қазақ тілін кейінгі орынға ысыру қисынсыз деп ойлаймын. Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі-әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Тілге деген құрмет, халыққа деген құрмет.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз қажет. Ата-бабаларымыздың тарихы мен шежіресі, түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас, әрі бірегей ұғым. Қоғамның жылжып өзгеруіне байланысты тіл де дамып өзгеріп отырады. Қазақ тілі мәселесін мемелекеттік деңгейге көтерілгеннен кейінгі жылдары бұқара жұртшылықтың да, жастардың да ана тілі үшін көптеген маңызды жұмыстар атқарғаны белгілі.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Дүниедегі барлық халық аңсаған тәуелсіздігін, ата-баба дәстүрін, ана тілін сақтау үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген мемлекеттің өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше құрметтейді, қорғайды.
Ана тілім бойымдағы зор намысым,
Тор құрсаулар жолында болғаны шын.
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен ,
Жырым-жырым жаралы жолбарысым.
Ана тілін дамыту үшін әркім өз ана тілінде таза сөйлеуі тиіс. Себебі, жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды. Тіл- қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім- тәрбиесінің негізі. Халықтың жаны — Тіл . Тіл жойылса, халықта жер бетінен жоғалады. Бүгінгі қазақ қоғамындағы тіл мәселесінің басы да өз тілін білмеуден басталады.
Сен арқылы қасиетім Отан дедім, ел дедім,
О, аналар!
Бесік деген қасиетті мұраны,
Ата-бабам жазып кеткен ана тілде тербегін.
Тілі мен дінінен айырылған жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, туған халқынан, салт- дәстүрінен, ата-анасынан қол үзеді.
Қалды артта қиямет азапты күн,
Қазақстан-Отаным азат ,бүгін.
Қасиетті тілімнен мың айналам,
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.
Тіл мәселесін ту еткен қаншама ұлы тұлғаларымыз бар екенін тарих өзі дәлелдеді.
Қараймын оңға, солға да,
Күңірттеу боп тұр келешек.
Біз күткен бақыт сонда да,
Дәл мына бақыт емес ед- деп күңіренермеді. Бүгінгі таңда қазақ баласының өз ана тілінде сөйлеп, оның қадір қасиетін бағалап, саралай білуі, санаға сіңіруі қажет. Ұлттық рухты, түскен еңсені көтеріп, ана тілге деген жанашырлықты іспен дәлелдеу қажет.Тіл- халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші қуатты құрал. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілі-ар өлшемі, олай болса, тілді щұбарлау арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау екенін естен шығармайық!
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Arai5410.04.2023 08:28
-
ejjekskaksk15.07.2021 13:20
-
rje8739124.01.2023 01:11
-
maksdvinskih15.08.2022 21:08
-
subbotina1720.10.2022 11:41
-
aigulzhan31.10.2020 11:41
-
eldar621304.06.2020 22:03
-
olgakorneva106.02.2022 12:32
-
valeriyakolpas122.02.2021 10:12
-
LOL2017Alex12.11.2021 11:25
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.