Есть ответ 👍

Әңгімедегі суреттелген жағдай бойынша пікірталас ұйымдастырындар мәтінде көтерілген мәселе қай жерде кездесетіні;
жастардың не себепті ауылдан қалаға көшетіні;
пәтер іздеудің басты себептері;
осы әлеуметтік мәселені шешудің жолдары;
көпшілік алдында сөз сөйлеуде өз ойын еркін жеткізуі

МӘТІН

Барахолкадан бір-ақ шықтық. Көше бойымен әр дарбазаға жалтақтай қарап, барлап келемін. Бір кезде пәтер жалдаймын деген жазу көзіме шоқтай басылды. Қуанғаннан айқайлап жібере жаздап, бетімді шымшып өзімді әрең тежедім. Қожайын ұйғыр әйел екен, бізді суық қарсы алды.
Айнадай жарқыраған жап-жаңа үйдің қарсы алдындағы тозығы жеткен үлкен үйдің іші сасық исі мүңкіген қараңғы дәліз екен. Артынан еріп келеміз. Таусылып болмайтын бұрылмасы көп дәліздің түбіне барып бір-ақ тірелдік. Ең соңғы бөлме, ең соңғы үмітім. Көзім сәл үйірлескендей болды. Қоян екеш қоян да інін дәл бұлай қаза алмас-ау, сірә!?
Енді байқадым, үлкен бір залды келсін-келмесін, иттің ұясындай қылып сансыз бөлмелерге бөліпті. Тақтаймен бөлсе бір сәрі. Қыртыспен қиюластыра беріпті. Соның керегеге тірелген соңғы қуысы бізге бұйырып тұр. Саңылауларының ар жағында пәтершілердің қарасы анық көрінеді. Сол сәт арғы беттен сәбидің шырқырап жылаған ащы үні естілді. Қыртыс қабырғаның үстіңгі жағы төбеге бір қарыс жетпей қалыпты да, сол ашық аралыққа небары жалғыз ғана шырақ орнатыпты. Арғы жақ пен бергі жақ сол жалғыз шыраққа тәуелді. Егер шырақ сөнсе, екі жақ та жарықсыз қалады. Есік жақ қабырға да итеріп қалсаң құлап түсердей, қаусап әрең тұр...
— Қоныс жәйлі болсын, – деген дауысқа жалт қарасам, аппақ сақалы кеудесін жапқан қария қарап тұр екен, қапелімде сасып қалдым.
— Бірге болсын, ата, – деппін.
— Е-е, балам менсінбей тұрсың-ау, ә! «Ер жігіт бір терінің ішінде неше арып, неше семіреді». Біз де жүрміз ғой! – деді солқ-солқ күліп. Осы арада қожайын әйел киіп кетті.
— Алсаңдар осы үй бос, он мың теңге, қарап тұратын уақыт жоқ, тез шешіңдер.
Келіншегім маған қарады, мен келіншегіме қарадым. Екеуімізде де үн жоқ. Қария күлімсіреп: «Әй, балаларым-ай!» деп басын шайқап қояды.
— Аяғым ісіп кетті, жетім бұрышқа енді бармай-ақ қояйықшы. Өкшем ойылып қалды-ау деймін, удай ашып тұрғаны.
— Келістік, – дедім. Аузымнан осы сөз қалай шыққанын да сезбей қалдым. Артынша елден қай жеріміз артық, өзіміз сияқты қазақтар екен ғой осында пәтер жалдап жүрген, – деп қоям күбірлеп. Өзімді-өзім жұбатқан түрім.
— Мына үйде бір нәрсе жетіспейді, – деді келіншегім, аналар кеткесін сылқ-сылқ күліп. – Бір нәрсе жоқ.
— Бір нәрсе?! Бір нәрсе ғана емес, бұл үйде ештеңе жоқ.
— Бір нәрсе ғана жоқ.
— Телевизор ма?
— Жоқ.
— Айна...
— Қойшы, айна біздің не теңіміз. Өзің соқырмысың. Көзіңді ашып қарасайшы.
— Өзің айтшы ал.
Кенет жарық жалп етіп сөне қалды.
— Өй, жарыққа не болды, – деп сасып қалдым.
— Мен өшірдім, – дейді келіншегім сыңғырлап.
— Жындымысың, жақ шырақты.
— Не нәрсе жоқ екенін тапсаң жағам.
— Бәрі жоқ бұл үйде. Ештеңе жоқ.
— Әдейі істеп тұрсың ба, әлде, соған да миың жетпей тұр ма?
— Бала қорқады, жарықты жағыңдар, – деген еркек дауысы шықты қыртыс қабырғаның ар жағынан.
— Терезе жоқ, – деген әйел дауысы шықты қырсық қабырғаның ары жағынан. Шырақ жарқ етіп жана қалды.
— Терезе жоқ дейді?
— Иә, терезе жоқ, – деді келіншегім.
— Терезе жок, – деп қарқылдап күлді ер мен әйел.
— Терезесі жоқ үй де болады екен-ау, ә.
Бөлмелер бөлек-бөлек болғанымен ауасы ортақ екен. Терезенің пайдасын енді білдім. Мүңкіген иіс қолқамды қауып барады. Мұрныма арақтың сасық исі келді, оған анда-санда темекінің түтіні қосылады. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін.​

248
392
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

380969330270
4,4(26 оценок)

ол қалай пікір талас деген түсінбедім түсіндірсен істеп бере аламын

nasik134
4,6(85 оценок)

Ақынның хаты өлмейді,жақсының аты өлмейді.  сөз тапқанға қолқа жоқ.  шешеннің тілі – семсердің жүзі.   отыз тістен шыққан сөз,отыз руға тарайды  тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.  сөзге сөз келгенде сөйлемесе, атасы өледі.  сөз жіп, созсаң кете береді.  аузы қисық болса да, байдың сөйлесін.  сөз тапқанға қолқа жоқ.  ң өзі жетпеген жерге сөзі жетеді  мал шөпке, сөзге тоқтайды.  ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.  жақсы сөз  жан сүйіндірер,жаман сөз жан күйіндірер.  сөздің көркі – мақал,иектің көркі – сақал.  түйенің бурасы жақсы,сөздің турасы жақсы.  қымбат дүние қолға түсе бермейді,қымбат сөз ауызға түсе бермейді.  күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.  асыл сөзге өлім жоқ.  көп сөз ұтпайды,дөп сөз ұтады.  сөйлей-сөйлей шешен болар,көре-көре көсем болар.  жалғыз сөйлеген жігіт шешен.  байлауы жоқ шешеннен,үндемеген есті артық.бәйгі алмаған жүйріктен,белі жуан бесті артық.  жылы-жылы сөйлесе жылан да інінен  шығады.  арық айтып, семіз шық.  аласынан сөз аласы жаман,оттың шаласына сөз таласы жаман.  сөйлегенше – сөзіңе өзің қожа,сөйлеген соң - өзіңе сөзің қожа.  шебердің қолы ортақ,шешеннің тілі ортақ.  жақсы байқап сөйлейді,жаман шайқап сөйлейді.  ат айналып иесін табар,сөз айналып жүйесін табар.  жақсы ел ырысы,жақсы сөз жанның тынысы.  сөз сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді.  ұлы сөзде ұят жоқ.  ауруда - шаншу  жаман,сөзде - қаңқу  жаман.  ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,адал сөйлеп, жұртқа жақ.  артында қалса, көзі қалды де,артында сөзі қалса, өзі қалды де.  қылышынан қан тамған батырды,тілінен тамған ақын алады.  байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық.  ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.  көп сөз - есекке жүк.  ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.  шешендік күші - шындық. сөзшеңді үндемеген жеңеді.  мылжың үндемесе басы ауырады.  аз сөйлесең де саз сөйле.  отқа барған әйелдің - отыз ауыз сөзі бар.  түймедейді түйедей етіп.  ине көзінен сынады,шешен сөзінен сынады.  көп сөйлесең тақылдақ дер,сөйлемесең ақымақ дер.  дәлдеп атып жауды өлтір,дәлдеп айтып дауды өлтір.  тілге шешен - іске мешел.  жалғыздық құдайға жарасар,көпсөзділік құранға жарасар.  көңілдегі құпияны -көзің айтып қояды, көп сөйлеген күпілдеп -сөзің айтып қояды.  орынды айтылған сөз -орнына қағылған шеге сияқты.  әзілде кек  жоқ,өсекте шек жоқ.  тілде тиек жоқ,ауызда жиек  жоқ.  қысыр сөзде қырсық көп.  өсекшінің тілі қышып тұрады.  ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды.  аузымен астау шапқанқолымен жаңқа жара алмас.  ауыз - дарбаза, сөз - самал,құдай ұрғанға не амал.  тілменен тікен тартып болмайды.  ұялмас бетке талмас жақ береді.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS