E1hwe
25.07.2022 07:44
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

5-сынып, кіріс тест (Әдебиеттік оқу) 1- нұсқа
1.Халық ауыз әдебиеті деген не?
а) Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар.
ә) Оқиғаны күшейтіп, үлкейту б) Халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
в)Өтірік өлең
2. Халық ауыз әдебиетінің түрлері:
а) Ертегі, аңыз, батырлар жыры, айтыс т.б ә) Өлең, жаңылтпаш, шығарма
б) Айтыс, ертегі, әңгімелер, прозалар.в) Ереже,өлең,аңыз
3. Әсірелеу-деген не?
а) Батырлар жыры ә) Бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейту
б) Елімізді сыртқы жаудан қорғап қалған батырлар туралы жыр үлгісі
в)Жұмбақ айтыс
4. Жау келгенін білген соң,
Бұл әскерді көрген соң ...-қай жырдан үзінді?
а) Қамбар батыр ә) Тайбурылдың шабысы
б) Ер Тарғын в)Жекпе-жек
5. Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
а) Қарақасқа ә) Тайбурыл б) Тарлан в) Жолбарыс
6. Теңеу – деген не?
а) Өмірде болған адамның басынан өткен оқиғалар ә) Оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту
б) Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату в) Оқиғаны күшейтіп, үлкейту
7. Ертегінің түрлері қандай?
а) Қасқырлар, түлкілер туралы ә) Кемпір мен шал туралы
б) Шыншыл, Қиял-ғажайып және жануарлар туралы в) Аңдар туралы
8. Жазылуы бірдей,бірақ мағынасы әртүрлі сөздерді қалай атаймыз?
а)Метаграмма ә)Шарада б)Омоним в)Синоним
9.Әдеби ертегіні белгілеңіз:
а)Сатқын жапалақ ә)Қорқыт б) Қарабатыр в)Бауырсақ
Мәтінмен жұмыс Үш дос
Көп пәтерлі үйдің ауласында у-шу. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, асыр салып ойнайды да жатады. Бүгін де Айдар мен Әлемгер трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың жанына Самат келді. Ол трамвайдың иесі Айдарға:
Ойындарыңа мен де қосылайыншы, - деп өтінді. Айдар:
Ойынға қоспаймыз, - деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың
бетін қайтарып тастады.
Самат біраз қарап тұрды да томсырайған күйі үйіне қарай беттеді. Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Әлемгерді қосып алды. Әлемгер кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін. Бұлар «өртке» су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп, ойнап жүрді.
Осы кезде Айдар да аулаға шықты. Әлемгер Айдарға:
- Кел! Ойынға сен де аралас, -деді. Айдардың өзінің кешегіісі есіне түсті.
- Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.
- Кел, ойнай ер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат Айдардың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.
Айдар қиналып, екі беті қып-қызыл болып:
- Самат кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, - деді.
Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

10. Мәтінге сай мақал
а) «Ердің анасы – елдің анасы» б) «Ең жақсы әдет - жомарттық»
ә) «Өнерлі өрге жүзер» в) «Оқу-инемен құдық қазғандай»

11. Айдардың ұялған қылығы
а) қызғаншақтық ә) өтірік айту б) жуастықв) тентектік
12.Айдар мен Әлемгердің бірінші күнгі ойындары
а) жедел жәрдем ә) адамдарды құтқару б) трамвай жөндеу в) құрылысшы болу

Мәтінмен жұмыс. Жолдыаяқ – ақылды ит
Жолдыаяқ екеуіміз бұта-жыңғылдардың арасымен өтетін жалғыз аяқ жолмен келе жаттық. Бір кезде Жолдыаяқ жақын тұрған бұтаның арғы шетіне жүгіріп барып, алдыңғы аяғын көтеріп тұра қалды. Мен итімнің бұл қылығына таң-тамаша болып, оған жақындадым. Оның қарсы алдынан құрдың балапаны шыға келіп, қайтадан бұта-бұтаның арасымен жорғалап қаша жөнелгенін көрдім. Бір қызығы, Жолдыаяқ оны қуған жоқ, дереу кері бұрылып, бұтаны бір айналып өтті де, екінші бір жерге барып қайтадан артқы аяғымен тік тұра қалды. Қарасам, тағы да балапан құрдың алдынан шығыпты. Байғұс құр не істерін білмей, енді тіпті басқа жаққа қаша жөнелді. Жолдыаяқ бәрібір оны жібермеді, өзге иттер құсап артынан қуып аса көп қиналмай-ақ, тағы да алдынан шықты. Құдды бір өзінің асқан ақылдылығын танытып, құрдың кеткен бағытын дәл аңғарып, оның одан кейін не істейтінін қапысыз бағдарлай алғанын білдіргендей, үнемі оның жолын кесумен болды. Бір қызығы, оған тиіспейді де, ойын ойнағандай масаттанып, «не істейін» дегендей, мен жаққа қарап қояды. Ал құрдың балапаны болса, шыр-шыр етіп, қалай қашса да қарсы кезігіп, амалы таусылып, шыбын жанын қоярға жер таппады. Мен оны қатты аяп кеттім.
– Жолдыаяқ, болды енді, тиіспе!- деп дауыстадым итіме. Сол-ақ екен, Жолдыаяқ оны әурелеуін қойды. Көзімен ұзатып сап, ойыны қанған баладай өзіне-өзі разы болып, тілін салақтатып қасыма келді. Құрдың балапаны бір бұтадан екіншісіне кетіп, одан үшіншісінен асып, көзден ғайып болды.
Осылайша, Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына әбден көзім жетті.
13.Шығарманың идеясына сәйкес келетін жауапты таңдаңыз?
а) Бала мен ит
ә)Ит пен балапан
б)Жеті қазынаның бірі, баланың досы әрі серігі –Жолдыаяқтың ақылдылығын паш ету
в) Балапанның әрекеті

14.Егер сіз баланың орнында болсаңыз қандай әрекетке барар едіңіз?
а) Ешкімнен қорықпаушы едім. ә)Итіме қарамаушы едім.
б) Жолдыаяққа тиіскізбей, балапанды ұясына шейін апарып салушы едім.
в) Балапанды суға тастар едім

15.Мәтінге басқаша қандай тақырып лайық деп ойлайсыз?
а) Төртмезгіл ә) Жыл мезгілі б) Жолдағы оқиға в)Екі дос

193
474
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


Қызғылт гул оте керемет екен.менім туган куниме отбасым маган гул сыйлады.туган кешинде ол гул сыйлады.досын ренжитип алган сон ол досына адеми гул сыйлады

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS