Есть ответ 👍

Эссе Қазақтың салт дәстүрлері ​

159
308
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:

dmitrosevchuk
4,6(14 оценок)

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Vedma1338
4,4(26 оценок)

Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

Халқымызда үйлену салтына, жаңа туған сәбиге байланысты, қонақ күту мәдениеті туралы маңызы мен мәнін әлі күнге жоймаы келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп. Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпағына жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр.

Алайда, мені қынжылтатын бір жағадай бар, ол – қазіргі таңда кейбір салт-дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз. Бұлай жалғаса берсе түбі бір құртылмайтынына, құрдымға кетпесіне кім кепіл, кім куә? Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің қырсығынан ұлт дәстүрлерінің ережесі бұзылады. Біреулері ұмытылды, біреулеріне тыйым салынды. Салт - дәстүр мен әдет- ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынуы мүмкін. Осындай зиянды жақтарды біле отырып мен жұдырықтай жүрегіммен қолыма қалам алып, салт-дәстүр арқылы қалай өзім секілді жеткіншектердің отанға деген патриоттық сезімдерін арттыра аламын деген ой қозғамақпын. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт – дәстүрді түзеуден бастау керек. Сонда ұлтымыздың әрбір мүшесі салт-дәстүрін жете таниды, ал салт-дәстүрді білсе тарихын таниды, тарихын білу - отанды тану.

Біз халқымыздың ұлттық санасын қалай оята аламыз, ұлттық дәстүрлерімізді қалай дәріптейміз? Бұл мақсатты әркім әрқалай жүзеге асырады. Ал мен осы жазбам арқылы сыныптастарымның бойына қазақтың салт-дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беру – кез-келгеніміздің парызымыз. Менің айтқан ойым біреуге жай сөз болып қалар, ал біреулерге қамшы болып тиетініне көзім жетеді. Әр қазақтың санасына сәуле шашып, аз да болса ой тастасам – бұл менің ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеудегі бастапқы жетістіктерімнің бірі.

kostija73
4,4(14 оценок)

мен 1 суретке жасадым 3ші тұрған

-сәлеметсізбе мен сізден анама сыйлық алайын деген едім ( Үйткені сурет те арғы жағында гүлдер , сөрелерде сыйлық қорабы тұр)

-жақсы саған қандайы керек

- маған ең жақсысын беріңізші анамды қуантқым келеді

- сен осы жерден қарап көр қай сыйлық ұнайды қарап көп, қарап тұрсам өте ақылды қаз екенсің , менің де сендей қызым болса деймін

-рахмет маған анау тұрған қызыл қорап тағы сыйлық ұнай тұр соны анама сыйлайын ол қанша ақша тұрады?

-сен үшін тегін берейін

-көп көп рахмет ! сау болыңыз!

сау бол ақылды қыз ( міне жазып ал☺)

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS