Есть ответ 👍

мәдениеттің ең озық үлгісінің бірі жазу сызу. Жазу мәдениеті адамның рухани байлығының баға жетпес үлкен жетістігі эссе 80 100 соз ​

273
362
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

POULINACAT
4,8(98 оценок)

Объяснение:

БҮГІНГІДЕЙ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЙЛЫҚ БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҒЫП, КӨП НӘРСЕ КӨК ҚАҒАЗБЕН ӨЛШЕНЕТІН ҚОҒАМДА РУХАНИЯТТЫ ДАМЫТУДЫҢ, РУХАНИ БАЙЛЫҚ КӨЗДЕРІН КӨБЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ ЕКЕНІ АҚИҚАТ. СЕБЕБІ ҚОҒАМНЫҢ ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ – АДАМ. РУХАНИ АЗҒАН ОРТАНЫҢ АЛЫСҚА БАРМАЙТЫНЫ, АДАМНАН АДАМДЫҚ КЕТКЕНДЕ ҚОҒАМНАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОЙЫЛЫП, ТАБИҒАТ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕН АЙЫРЫЛАТЫНЫ ШЫНДЫҚ. АЛАЙДА РУХАНИ БАЙЛЫҚ ДЕП ЖҮРГЕНІМІЗ НЕ? ӨЛШЕМІ ҚАНДАЙ? ОНЫ ҚАЙДАН АЛАМЫЗ? ОСЫ СҰРАҚ ТӨҢІРЕГІНДЕ ОЙ ЖҮГІРТІП КӨРЕЙІК.

Рухани байлық дегеніміз – мына өмірдің ақиқатына жетуге ұмтылу. Жетпесе де сол жолда әрекет ету. Айналып келгенде өзіңді, адами болмысыңды тану. Жер деген мекеннің жұмыр басты пендесі әлемді тануы үшін алдымен өзін тануы қажет. Себебі сен қандай болсаң, өмір сондай. Адам әлемге маңдайдағы көзімен емес, көкірек көзімен қарағанда ғана «қайдан келдім?», «не істеуім керек?» және «қайда барамын?» деген ең маңызды сұрақтарға жауап таба алады. Ізгі мақсаты болмаған адам қоғамның ең қауіпті дұшпаны болмақ. Себебі мына әлемде ештеңе де мақсатсыз жаратылмаған.

Қарап отырсақ, адамзат өз тарихында құпияларды ашуға, тылсым күштерді білуге ұмтылған. Және сол арқылы мына әлемде өзін толық қауіпсіз сезінгісі келген. Ұлы дала көшпелілерінің философиясынан да осыны аңғарамыз. Қорқыт атаның өлімнен қашуында, Асан қайғының жерұйықты іздеуінде үлкен философиялық мән бардай көрінеді. Олар осы әрекеттерімен өзгермейтін мәңгілікті, ақиқатты іздегендей. Алайда ақиқат пен шындықтың арасын ажыратып алу керек секілді. Ақиқат өзгермейді. Ал шындық өзгеруі мүмкін. Мысалы, жердегі пенде үшін таңертең күннің шығуы шындық. Ал ақиқатына келсек, күн еш жақтан шығып жатқан жоқ. Жай ғана жер күнді айналып жүр. Ендеше ақиқат біреу болса, оған жететін жол сан тарау. Пенде өзіне қолайлысын, әлі келетін жолды таңдап алады. Тек ақиқаттан адасып қалмаса болғаны.

Енді сол рухани байлықты қайдан аламыз? Адами құндылықтардан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек? Жан азығы жайлы айтылғанда көпшіліктің ойына әдеби кітаптар түсетіні анық. Ол орынды да. Қоғамның кейбір қарама-қайшы тұстарын шығарма арқылы жеткізіп, өмірдің мәнін терең ұғынуда көркем шығарма үлкен рөл атқарады. Адам болмысы мен мінезін ашу біз байқай бермейтін кейбір тұстарға тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Осылайша әдеби кітаптардан адам болмысынан әлемді тануды, керісінше әлемді тани отырып адамға үңілуді үйренеміз. Ал поэзияның орны бір бөлек. Поэзияға ғашық адамнан жауыздық күтпесеңіз болады. Бір елде түрмеге жабылғандар арасында сауалнама жүргізгенде ауыр қылмыс жасаушылардың барлығы дерлік поэзия оқымағандар болып шық¬қан. Осыдан-ақ әдебиеттің адам рухын байытудағы орны айтпаса да түсінікті. Қазір кітап оқымайтын жастар жайлы көп айтылады. Қоғамды өзгертетін басты күш – жастар екенін ескерсек, бұл да – алаңдайтын мәселе. Ендеше, сол мәселеге қатысты кейінгі буынның өзін сөйлетіп көрейікші.

psheni4nayaLiza
4,5(79 оценок)

Жаз ең ғажайып кещдержің бірі . мен жазғы демалысымды астана қаласынды өткіздім . жас астанада өте қызықты өтті

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS