Есть ответ 👍

Қазақ халқының дәстүрлі отбасылық құндылықтары Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы. Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі. Көзін ашқаннан көргені мен естігені бала жадында  тасқа басқан хаттай жазылып қала беретіні анық. Отбасылық, ағайындық, туыстық қарым-қатынастарды үйрететін,қазақ шаңырағына ғана тән, жазылмаған қағидалар – әдептілікке тәрбиелеудің үлкен мектебі.
Әйел–табиғатынан адалдыққа, кірпияздыққа бейім және мейірімнің бұлағы. Ол – ізгі қасиеттері мен тектіліктің, ізгіліктің үлгісі, сондықтан әйелдерге қойылатын талап қашан да жоғары. «Алып анадан, арғымақ биеден туады» дейді халқымыз. Бала тәрбиесіндегі әкенің орнын төмендетуден аулақпын, дегенмен жасөспірімнің өсіп-қалыптасуында ананың атқаратын міндеті – қисапсыз. Тіпті әкесінің кемшіліктерін де балаларына білдірмей, оны мінсіз тұлға етіп, жаманын жасырып, жақсысын асырып көрсету арқылы тамаша ұрпақ тәрбиелеген қазақтың айтулы аналарының парасаттылығына тәнті боласың.
Аналарынан үйреген өнегені өз балаларына, немерелеріне үйретіп, дәстүрді сабақтастыру арқылы алтын көпір болу – ұрпағының келешегін ойлайтын әрбір қазақ әйелінің міндеті. Көкірек көзі ашық, парасат-пайымы терең, ақылдың кені аналарымыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, «айналайынымен» санамызға сіңген, биязы да жұмсақ үнімен жүрегімізге орныққан ақыл-кеңестері өмір қиындықтарынан сүріндірмей, бізді тек алға жетеледі. «Көретін – қызығым, жейтін – жемісім, атар таңым – сендер», – деген ананың үкілі үмітін арқалаған перзенттің бөтен ойы, жаман пиғылы болуы мүмкін емес... «Ел сендерге қарап, бізге баға береді», – деу арқылы иығымызға үлкен жауапкершілік артып, сенімді ақтауға ұмтылдырды.
«Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деп қазақ текке айтпайды, өйткені бүгінгі – ару, ертеңгі – ана. Әйел-ана – жақсы болса, бір әулеттің шамшырағы, жаман болса қасіреті. Ағайынның арасын жақындатып, ерінің мерейін үстем етіп жүретін әйелдің ұялтпайтын ұрпақ тәрбиелейтіні де шүбәсіз.
Қазақтың ұлттық тәрбиесінің айнасындай халықтық педагогика мұралары – тұнып тұрған даналық пен ақылдың кені. Бабаларымыз өмір сабақтарын екі ауыз сөздің аясына сыйғызып, түйінді оймен қалдырып кеткен. Тек соны көретін қырағы көз, ұғатын сарабдал сана болса болғаны. Ата-бабаларымыздан бастау алып, сан ғасырлар бойы адамгершілік пен ізгілікті дәріптеген қазақтың ұлттық  дәстүрлері келешек ұрпақ үшін де рухани азық болып қала берері хақ. Шынайы шындық пен иманға негізделген құндылықтар еш уақытта құнын жоймай, жасампаз бола береді. Ол үшін рухани бұлақтың бітеліп қалуына жол бермей, «қолымызды мезгілінен кеш сермемей», ұрпақтарымызды сол «бұлақ суынан» қанып ішуге  жағдай жасауымыз керек. (318 сөз) Abai.kz

1-тапсырма

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Әділдікке [1]

Мирасы [1]

Болашағын [1]

Керемет [1]

Үлгіні [1]

207
242
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

dianamuk20067
4,4(78 оценок)

Сәлем- сәлем- компьютерлерге қалай қарайсыз? - оң, себебі олар пайдалы.- сен не? олар біздің денсаулығына зиян келтіреді- иә, бірақ олар бізге көмектеседі, өйткені біз олардың көмегімен қажетті ақпаратты тауып, оны басып шығара аламыз.- бұл ретте өз көзіңізді бұзу.- мен сізбен де келісемін. бірақ сіз компьютерді пайдаланасыз ба? - иә.- сонда жаман көп жақсы табуға үйрен- жақсы- әзірше- әзірше

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS