Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сəтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жəрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері əртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дəстүрлі əдеп жүйесіндедостыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мəтелдер жеткілікті: «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бəрі соның басында», «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос». Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі.
Достық – бұл өмірдегі еш нəрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Сенім мен жарқын көңіл достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады жəне жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Достық деген сезім сені шынайылыққа, адалдыққа үйретеді.
Достық туралынақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза жəне адал қарым- қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бəрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.
Барлығымыз арамызға достықтың дəнін егіп, ол ағашымызға қарап, суландырып тұрсақ, арадан қанша уақыт өтсе де, ол ағашымыз жайқалып, жапырақтары қаулап өседі. Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды тануға болады. Адам өзі қандай болса, дəл сондай адамға ұшырасады, дəл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
(303 сөз)
1-тапсырма
Мəтіннен мына сөздерді сəйкес мағыналарын табыңыз.
Адамға - [1] Көмектеседі - [1]
Зор - Жау - Керек -
[1] [1] [1]
164
456
Ответы на вопрос:
Аққу аққу-киелі құс.қазақта "аққуды атпа,досыңды сатпа" деген керемет асыл сөз бар.шынында да аққуды қазақ халқы əрқашан қастерлеп, қасиет тұтқан.қазақтың əдемі қыздарын аққуға теңеген.аққу бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың,махаббаттың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. аққулар – өте ақылды құстар. олардың есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс жасайды. сол арқылы олар өздеріне жасалған жамандық пен жақсылықты үнемі ажырата алады.қай жерде су болса, сонда аққу өмір сүреді. дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. қазақстан суларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді.олар сонымен қатар, ұша алатын үлкен құстар қатарына да жатады.аққудың түсі- ақ, салмағы 12-13 килограмға дейін жететін ірі құс. аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі,олар көптеген ақын-жазушылардың шығармасына арқау болған құстар: аққулар құс патшасы аққулар, сән берген жер мен аспанға, көктемде көлде саңқылдар, ұқсайды сырнай тартқанға. ақ қардай аппақ алыстан, ақ құстар көзді арбайды. қос аққу жаңа танысқан, жігіт пен қызды аумайды.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
ildareeee03.03.2022 12:13
-
lebedevan18907.08.2021 13:43
-
КириллГромов200022.01.2022 05:45
-
Александа706.05.2022 18:24
-
PolinaSenatorowa18.01.2022 04:57
-
daniliwotchesi04.01.2023 21:08
-
Be11a01.09.2021 15:47
-
спартак37117.07.2020 11:34
-
lboik06.02.2021 13:47
-
Pool691404.11.2022 19:44
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.