Есть ответ 👍

нужно Екі тақырыпты салыстырып эссе жазу керек
100-150 сөз
Ғарышты игеру жетістіктері
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Адамзаттың ғарышты игеру жетістіктері

Осыдан тура 59 жыл бұрын ең алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Ю.А.Гагарин болса, араға 30 жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды. Бұл еліміз үшін үлкен мақтаныш.
Қазіргі таңда ғарыштың игерілуі ғылымның дамуына, тіпті экономика мен әскери – қорғаныс қабілетінің күшеюіне мол әсерін тигізіп отыр. Аспанды игеруді аңсаған, ғарыштың ғаламатына құмар адамзат талайжылдан бері осы саладағы ізденістерін тоқтатқан емес.
Ғарыш десе көңілге туған топырақ төсіндегі Байқоңыр келеді. Аспан әлеміне алғаш адамды аттандырған Байқоңырдан 2600- ден астам зымыран ұшырылып, ғарышқа 3000-дай ғарыш аппараттары шығарылса, 130-дан астам КСРО және шетелдік ғарышкерлер көкке сапар шекті.Әртүрлі конструкциялы ғарыш аппараттары Айға, Шолпанға және Марсқа қондырылды.
Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ ғарышқа ерекше
көңіл бөліп келді. «Ғарыш айлағы – бүгінгі күні біздің әлемдік экономика-
лық сайыстағы жалғыз байлығымыз!» деген болатын
1991 жыл – Қазақстан, қазақ халқы үшін ерекше құт дарыған жыл болды.
Қазан айының 2-сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров Байқоңырдан
«Союз ТМ-13» кемесімен көк жүзіне көтерілді.
Т. Әубәкіров әуе кеңістігінде өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология,
металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Соның нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң
бұлттардың булану процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарында таралуының ғарыштық суреттері алынды.
Бүгінгі күні ғарыш технологиясы ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Ғарыш аппараттары, жер серіктері Айға және Шолпанға ұшырылып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай ақ бірнеше аппарат Күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшінқызмет етуде. «Космонавтика»- біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол азаматтардың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құралы.(276 сөз)

Ә мәтіні:газет мақаласы
Ғарышты игерудің қоршаған ортаға тигізетін залалдары
Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жер асты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану,транспорт түрлерінің көбеюі мен ғарышты игеру саласы қоршаған ортаны түрлі улы химиялық зиянды қосылыстармен ластауда.
Қызылорда өлкесінің қазіргі жағдайына көз салсақ, Сырдарияның ластана бастаған суы мен  Аралдың тартылуына аянышты көзбен қарап, Байқоңырдың өңір тұрғындарының денсаулығына әсері бары ащы болса да шындық. «Байқоңыр» ғарыш айлағы демекші, экватор жазықтығына жақын орналасқан, ракетаның қолайлы ұшуына ыңғайлы бұл жер 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына қолдануға берілді.Өкініштісі, ғарыш айлағын пайдаланумен қоса адамзатқа әкеліп жатқан зардаптары көптеп байқалады.Зерттеу нәтижелері мен ортақ статистика бойынша Байқоңыр кешенінен жалпы Қазақстан аумағына жылына 40-45 мың улы газдар таралады және ол улы заттардың ауадан жойылуына 100 жыл керек екендігі анықталды.Сонымен қатар түрлі соғысқа қажетті жаппай қырып жоятын 38 ракета мен 80-нен астам космос кемесінің модификациялары да сыналған. Ал бұл дегеніміз, тұрғындардың жүрек, тыныс жолдарының қабынуы, балалардың шала, кемтар, аурушаң болып туылуының айқын себептері деген сөз.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:
- ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
- атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;
- атмосфераның озон қабатын бұзады;
- территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;
- қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
Осы мақалам арқылы сіздерді Қызылорда облысы мен еліміздің экологиялық проблемаларының шешімін бірге табуға шақырамын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бәріміз бірге табиғатты қорғау жұмыстарына бірге атсалысайық!
(219 сөз) ​

170
439
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

mallaya01
4,7(87 оценок)

Мен: сомдайм сен: сосмдайсын ол: сомдайды биз: сомдаймыз сендер: сомдайсындар олар: сомдайды

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS