Есть ответ 👍

Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпаратты ажыратыңыз

134
218
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

MashaKun
4,6(38 оценок)

Ата-бабаларымыз "өмірде екі нәрседе қателеспеу керек" деген тұшымды пікір қалыптастырған. Олардың біреуі-мамандық таңдауда болса, екіншісі - жар таңдауда. Бала кезімізде ата-анамыз бізге қажетті шешімдерді өздері қабылдайтын. Ал қазір біз есейдік. Өмірлік жолымызды,мамандығымызды таңдайтын сәтке де келіп жеттік. Жүздеген мамандықтар ішінен жаныма жақын,өзіме ұнайтын журналистика саласын таңдай отырып, алдыма сан мыңдаған мақсаттар мен самсаған міндеттер қойдым. Өз қалауыммен сүйікті мамандығымды тауып, зор құлшыныспен, шынайы сүйіспеншілікпен армандадым.

Не себепті журналистиканы таңдадым? Бұл таңдауыма не түрткі болды? Осы сынды сұрақтарға жауап іздеп көрдім. Өзім жастайымнан әдебиет пәніне жақын болдым. Шығарма, эссе жазу, өлең шығару, әр түрлі тақырыпта мақала жазу-менің хоббиіме айналды. Қазақтың небір-небір жазушыларының шығармаларынан өзіме қажетті қорек іздеп, нәр алдым. Би-шешендердің ғибратты сөздерімен сусындай отырып, әдебиеттің сырлары мен қырларын өмірімнің басты ұстанымына айналдырдым. Сондықтан болар, мамандық таңдауда көп ойланған жоқпын, бірден журналистика саласына жол тарттым.

Журналистика саласы сонау ықылым заманнан бастап қалыптаса бастады. Ұлт зиялылары негізін қалаған беделді газеттер мен журналдар - сол заманның ащы шындығының көрінісі. Әрісі Мұхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова және Гүлайым Балғын­баева сынды және де тұңғыш журналист қыз Нәзипа Құлжановадан бастау алатын, берісі Бейсен Құранбек, Дана Нұржігіт, Маңғыстауда журналистиканың пұшпағын илеп жүрген Жамиля Қибасова сияқты журналистерге жалғасып жатыр.

Журналистика жолы-ауыр жол. Журналистика мамандығы-қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан жаңылуға болмайтын, қашанда жаңалықтардың ортасында жүретін бұл кәсіп иелері - журналист деп аталады.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS