Есть ответ 👍

3 тапсырма эссе кур бжб
казак тили ​

161
443
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

alamez69
4,8(25 оценок)

материалдық құндылыктар жасау үшін қолданатын табиғат нысаналары табиғи қорларды (тқ) құрайды. табиғи жағдайлардың табиғи қорлардан айырмашылығы — олар материалдық игіліктерді өндіруге қатыспайды. бірақ табиғи жағдайлар мен табиғи қорларды таза шектеп бөліп тастауға болмайды. мысалы, бұрын ауаны тек табиғи жағдайлар деп карастырылса, қазір табиғи қор ретінде қарастырылады. табиғи қорлар әртурлі нышандар бойынша жіктеледі. олар ауалық, сулық, өсімдіктік, жануарлық, топырактық, жеркойнаулық, энергетикалық және т.б. болып жіктеледі. табиғи корлар үлкен екі топқа бөлінеді: сарқылатын және сарқылмайтын. сарқылатын қорлар тағы қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. сарқылатын қорлар дегеніміз өндіру арқылы табиғи ортадағы мөлшері азайып отыратын қорлар. қалпына келмейтін қорлар дегеніміз орны бос қалатын немесе пайдаланғаннан кейін әлдеқайда баяу қалпына келетін қор. ол пайдалы . қалпына келетін корлар көбею арқылы (мысалы, жануарлар мен өсімдіктер) немесе табиғи циклдар аркылы (мысалы, жауын-шашын) тұтыну мезгілімен салыстырмалы уақытта орнына келетін кор. тағы табиғи қорлар пайдаланылуы, айырбасталынылуы бойынша бөлінеді. өлкеміз минералдык қорға бай. бізде хром, ванадий, висмут, фтордың ең бай коры бар. сонымен қатар боксит, көмір, мыс, темір және цинктің мол қоры бар. бокситтен алюминий өндіретін «алиминиум қазақстан» ақ кәсіпорны жұмыс істейді. одан басқа ірі кәсіпорындар: «қазақ алтын» тобы, «қазақхром» ақ, «қашмыс» ақ, «қазақмыс» корпорациясы. елімізде кандай металдар өндірілетінін кәсіпорындардың аты-ақ айтып тұр. алтын корлары бойынша шығыс европа, кавказ және орталық азия елдері ішінен үшінші орында. мұнай, көмір, уран отын-энергетикалық қорға кедей емес.

қазақстан мұнай қорлары бойынша әлемде 11 -ші орын алады, қор көлемі — шамамен 9-18 млрд баррельді құрайды. газ конденсатының қорлары шамамен 700 млн тонна. бүгінгі күнде еліміз мұнай өндіру бойынша — 18-ші орында. мұнай республиканың бес аймағында өндіріледі: ақтобе, атырау, қызылорда, маңғыстау және батыс қазақстан облыстарына. қазақстандағы ең ірі мұнай мен газ кен көздері: теңіз, қарашығанақ, қашаған және құрманғазы кеніштері. сондай-ак қытаймен шекаралас шығыс қазақстан облысында қарабұлақ және сарыбұлақ кен орындары табылды. республикамызда мұнай-газ өндірісіне қажет құбырлар жүйесі жетіспейді. сондықтан атырау-саранск-самара құбыры, каспий құбыры консорциумы, ақтау-баку-тбилиси-жейхан кұбыры сиякты жаңа экспорттық маршруттар үстінде, қытайға тікелей мұнай таситын атасу-алашанкоу құбыры салынды. қазақстанда негізінен антрациттік және тас кемір корлары шоғырланған, оның көлемі 37,5млрд т. көмір қоры негізінен карағанды және екібастұз бассейндерінде орналасқан. қарағандыда көбіне жоғары сапалы таскөмір өндіріледі. қарағанды көмірінің қалдық күлі 10-35 % құрайды, ал екібастұз көмірінде — 38-50 %. сондықтан соңғысы көбіне үй шаруашылығында және жылу электр станцияларында қолданылады. кейінгі кезде стратегиялық шикізат уран аэс отыны ретінде пайдаланылады. тмд елдерінде уранның бай қоры ресейде, қр, өзбекстанда орналасқан, соның ішінде көбірек көлемі қр-да. еліміздің койнауында уранның әлемдік қорының 20 % бар, қазакстан корлары алты аймаққа топтасқан: шу-сарысу, сырдария, сқо, каспий теңізі, қаш көлі және іле өзені өңірі. қазақстан қазба отынның қорына аса бай болғанымен, жанғыртатын энергия көздері қ жағынан және коршаған ортаның сапасы мен денсаулығын жақсарту үшін мүмкіндік туғызар еді. ондай энергиялар мыналар: гидроэнергия, жел энергиясы, күн сәулесі энергиясы, геотермалды энергетика, биогаз және биоотын. бірақ осылардың ішінде кеңінен пайдаланылатыны тек гидроэнергия ғана. ❤

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS