rada1213
01.01.2022 16:20
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Абай қысты кәрі құдаға теңеп тұр. Атам мен әжем алыстан келген кәрі құданы есіктің алдына шығып қарсы алды, себебі ол кісіні барлығы сыйлайды. 2. «Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, жапырағынан айрылған ағаш қурай» Берілген сөйлемнен метафораны, теңеуді және себеп-салдар жалғаулық шылауды тауып жаз.

..

187
318
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:

Cyxapuk2
4,4(14 оценок)

Кәрін төккен "Кәрі Құда"

(Абайдың "қысы")

Суық дегенде қызық нәрсе. Сонау солтүстіктегі Мұзды мұхитта, анығы полюсте тыныш жата бермей орнынан қозғалып оңтүстік-шығысқа қарай лап қойды. Жолындағы орман-тоғай, қала-қыстақ, жанды-жансыз зат біткенді таптап, жаншып, бүрістіріп, дірдектетіп апырып-жапырып жүріп отырды. Шынында қаһарлы алып "адам" секілді, бүгінгі күннің көзімен қарасақ, 100 тонналық шынжыр табан ауыр танк секілді баса-көктеп келеді. Осы суықты көріп, анығы сезіп Абайға соқпай амалымыз жоқ.

"Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Демалысы үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды, -деп суреттепті.

Абай данышпан ғой, суықты сезу, ақтүтек арасынан шығу барда оны бейнелеп беру бар. Айтып-айтпай аяздың түр-тұлғасы сүркейлі. Қазақта құданың жолы үлкен. Құда болғанда қыз беретін құдаңыз сұмдық енді... Қазақ даласында жол-жөнекей көлденең көкаттыға мінгесіп қыз кете бермеген, құда болады, қалыңын төлейді, жылдар бойы құданың қабағына қарап күтеді. Мезгіл сайын соғымын сойып беріп, қонаққа шақырып, алдына киітін қояды, астына алты қабат көрпе салып, қайтарында мініс мінгізіп бәйек болады. Әйтеуір көңілін тауып риза қош ету керек. Сөйтіп жүргенде тағы бірде кәрі құдаң ауылыңа келіп ат тұмсығын тіресе, тұтас ауыл болып жігі-жапар иіліп жапырылып қаласың. Сенің сый-құрметіңе жарайды десе жақсы ғой, міндетсінеді, салық салады, тапсырма береді (қазаққа тән керек мінез). Сөйтіп жүріп құр сүлдерің қалып шығарып саласың!.. Кәрі құданың әлек салды дегені осы. Осылайша мың қиындықпен алған әйеліңді аяламай көр, оны шығарып жіберу деген сұмдық енді, ол да кете алмайды қатаң дәстүр дала заңы бар, «қайта келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман» деп, ұяты күшті, әке-шеше бауырларының мойнына мінетін қалың малдың қарызы да оңайға соқпайды.

Сондықтан қыз төркінге қашпайды. Анда-мұнда кәрі құданың келіп әлек салғаны болмаса, айтарлықтай оқиға болмақ емес. Қалың малдың керек болатыны да сондықтан, ол екі жақты мықтап байлайды. Жастарға жауапкершілік арқалатады (бұл бөлек әңгіме).

Абай қысты басқаға емес кәрі құдаға ұқсатқаны тегін емес. Қазақ даласында құдадан қиын не болушы еді. Жау болса айқасасың. Ұры болса тұмсықтан ұрасың... Ал, құданы тек құрметтеу керек. «Қазақ осы, құда бол деп қинайтын, Құдаларын құдайындай сыйлайтын» деген осыдан шыққан. Шынында суық екі аяғымызды бір етікке тығып, қойны-қоншымызды кеулеп қалтыратты емес пе!.. Бұдан бұрын мұндай суық болмады ма, әлде ұмытып қалдық па қайдам, биылғы қақаған қыс кәдімгідей қысып тастады. Пешке жаққан оттың қызуы жетпей, ыстық су жөнді айналмай үйден боран гуледі. Түнімен тұрған көліктер таң ата кілтін қанша бұрасаңда «ғыр-ғыр» еткеннен арыға бармай деміне тұншығып қақала берді. Матордағы май қоймалжыңға айналып көк темірге шайырланып жабысып, тістей қатып қозғалтпады. Бүріккен бензінді оталдырмақ болған электр ұшқыны да өлеусіреп сөне берді. «Басқан жері сықырлап» екі аптадай әлек салған аяз қаладан қайқайып шығып бара жатып та тыныш кетпей суымызды қатырып, су құбырларын тоңдырып кетті. Жылдағы тобықтан төмен түспейтін тоң белуардан бойлап, жердің тоңы тереңде көмулі жатқан су жолын мұзға айналдырып жіберіпті. Үш күн бойы қыздырып, ерітіп ермек еттік... әйтеуір саусағымызды қоқитып, бетімізді үсітіп барып су жүрді. Иә, «күннің жаманы кетеді» деп «ақ киімді, денелі, ақ сақалды» кәрі құда үскірігін үдетіп Қытайға қарай асып барады. Оларды да тәубесіне түсіріп «Жуларын» санатып, жуасытып шығыс теңізіне тіреліп алқапқа жайылар. Аллаға шүкір бас-аман ден сау бұл қыспақтанда өттік.

Қаншама рет оқысақ та Абайдың «қысын» абайламаған екенбіз, биылғы ауа-райы, ақырған аяз, аптыққан ызғар Абайды жақсылап сіңірді. Абай көрегендігі, Абай жырының құдіреті, өзгеше шеберлігіне көзімізді жеткізді. Басқа ұлттар үшін ежелгі «кәрі құданың» қаншалықты айбатты болатынын білмедік, біздің қазаққа бұдан артық салыстыру жоқ еді. Дегенмен, заман ыңғайына бақсақ көненің көзін көріп, қатын алудың қандай қиын болатынын білетін біздерге бұл өлең өте түсінікті. Ал, құдасын тойда бір рет көріп өмір бойы араласпай өтетін жаңа қазақтар мен қызды жол-жөнекей «тегін» алып, теріс кететін тобыр үшін Абайдың бұл өлеңі мүлде ақылға қонбайтын жәй нәрсе болар.

Қайткен күндеде суық әкемізді танытты, Абайды есімізге түсірді.

Дәулетбек Байтұрсынұлы

yaroslav198395
4,5(58 оценок)

КАЗАК BLAULERS

Объяснение:

xbxndjcncnncbcvcfbcfbf

lehayoutube
4,4(73 оценок)

су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. себебі алғашқы тіршілік суда басталады. жердегі ең көп таралған заттың бірі су. мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. мысалға ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. кейбір теңіз жәндіктері, мысалыға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. судағы еріген оттегімен су жануарлары желбезек арқылы тыныс алады.қыста көлдер мен тоғандардың қатуы су жанураларына қиындық туғызады. оттегінің жетіспеуі салдарынан жануарлардың жаппай қырылып қалуы мүмкін. ондай жағдайда мұзды бірнеше жерден ойып, суды оттегімен байытып отыру керек. көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген - жүзбе қанаттары, ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады. мұхиттар мен теңіздердің тұзды суларында көптеген кездеседі. ң кейбіреуі су бетінде қалқып жүрсе , енді біреулері су түбіне бекініп өседі. су жануарларының қорегі ретінде, кішігірім қтар тұрақты мекені ретінде пайдаланады. ең маңыздысы ауаны оттегімен байытып отырады

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS