Ответы на вопрос:
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда¬ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар.Халқымыз¬дың бойындағы отансүйгіштік құндылық-тарды ұрпақтан-ұрпақ¬қа беріліп отыр¬ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама¬нынан бастау алған патриоттық құн¬ды-лық Күлтегін жазбаларын¬да былай деп суреттеледі: “Елте¬ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио¬тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын¬дығын көрсетеді. Күлте¬гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады: Кедей халықты бай қылдым, Аз халықты көп қылдым… Түркі иелігінен айырылған халықты Ата-баба мекеніне орнатты… - делінген еді. Бұл жазбадан патриотизмнің –ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан ая¬мау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші. Туған жерге деген ыстық сезім, ата¬мекенге деген құрмет пен қадір қа-сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор¬қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала-сағұни, Мах¬мұд Қашқари, т.б. айтқан бола¬тын. Ақын-жыраулар халыққа өне¬ге¬лі сөздерімен ықпал етіп, олар¬ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық¬тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті. Жоңғар шапқыншылығы ке¬зін¬дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс¬ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен¬дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз. Қазақтың айбынды ақын¬дарының бірі Махамбет Өтеміс¬ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман¬дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі¬гін, олардың адамгершілік қа¬сиеттерін жыр етті
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
ruslan189kalin09.01.2022 23:48
-
DarinaDoka66615.03.2023 15:08
-
Проник75519.07.2021 08:05
-
valeriaro29417.05.2021 21:57
-
anastasiaselina01.01.2023 00:39
-
филосов0023.02.2020 06:37
-
vanyakhan40908.06.2020 13:22
-
diana115707.08.2022 00:08
-
Асуна1925.01.2023 05:27
-
20Iulia24.07.2021 19:27
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.