Ответы на вопрос:
Қазақ тілі туралы шығарма менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. ақын с.торайғыров ана тілімді: сүйемін туған тілді - анам тілін,бесікте жатқанымда-ақ берген білім.шыр етіп жерге түскен минутымнан,құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. демек әр ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы к.г. паустовскийдің «туған тіліне жаны ашымаған - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.ана тілі - ар өлшемі. олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. ең жақсы - ана тілін құрметтеген . бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені ілікке, шын патриот болуға жетелейді. ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы болғысы келетін жас ң бірінші парызы. ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті отаныңды сүйе білу деген сөз. ақиық ақын м.мақатаев «отан» атты өлеңінде: мен оның түнін сүйем, күнін сүйемағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.мен оның қасиетті тілін сүйем мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. менің елім - көп ұлтты қазақстан. қанша ұлттың бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. бұл - біздің елбасымыз нұрсұлтан назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.елбасы н.назарбаевтың «қазақстан-2050»: «бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауында: «енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.қазір елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. менің ойымша, егер өзге тілді білетін болса, ол рухани бай деп ойлаймын. өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын қ.мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне: мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем! пушкин, байрон, шекспир, гейнеге сен.бірақ сені қазақ деп айта алмаймынтуған ана тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді.сырдың сыршыл ақыны ә.тәжібаев «біз түгел қазақ бола білейік» деген өлеңінде: күркіре, көңілім,қобызым, гуле, бұрқыра! күн жаңа тудыерлікке ғана ұмтылар.елдікті қорға,елдікті бастар ерлікті айт.сарының сеніңрух берсін жуас жұртыңажырла, тілім, жырла! - дейді.қорыта келгенде, абай әрлеген тіл, жамбыл жырлаған тіл - қазақ тілі, мәңгілік елдің мәңгілік тілі болып қала бермек!
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
MilenaSmail1228.07.2020 07:51
-
VeraLife131.05.2021 15:23
-
lerkaaaaaaaaa22.11.2021 17:32
-
sigaretta24.12.2021 14:49
-
roksi10020024.09.2021 17:49
-
datskivvera101.03.2022 13:14
-
7kotik7myr7myr726.01.2020 00:33
-
superserg201509.03.2022 13:00
-
Anton22266622210.05.2023 01:57
-
osipovasashaa11.05.2021 10:53
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.