Есть ответ 👍

Тапсырма Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы (кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.
[8]
А мәтіні

Қазақ елі Ұлы Отан соғысы біткен соң, он жылдан кейін ғана Рақымжан Қошқарбаевтың кім екенін алғаш білген. Ол кісінің ерекше ерлігінің көпке танылуына, кейінгі өмірінің басқа арнаға түсуіне бірден-бір себепкер адам – Бауыржан Момышұлы. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Көнелердің қатары азайып, көзі кеткен сайын, әсіресе кітап оқымай, ғаламторға емініп кіріп кеткен жастар бұл жағдайдан бейхабар.
Рақымжан Қошқарбаевты ата бірінші рет 1958 жылдың алғашқы күндерінің бірінде өзіне сәлем бере келгенде көріпті. Майдангерлер тез-ақ тіл табысып, ұзақ әңгімелеседі. Атаның айтуынша, алғашында сөзін суыртпақтап бастап, бірте-бірте бөгеті ағытылған судай ақтарылып жан жүйесінде жатқан сырын да, ащы шынын да жайып салыпты. Рақымжан аға кете салып, ата Кәкімжан Қазыбаевқа телефон соғып, «Тез жет!» - дейді қатаң түрде. Аға келген соң ата:
-Журналиспін дейсің! Дипломым бар деп мақтанасың. Журналистке, ең алдымен, сезгір жүрек, көреген көз керек. Соғыс біткелі бері он үш жыл өтті. Рақымжандай тарихи адамды күні бүгінге дейін көрмей жүрген неғылған журналиссіңдер?! Адам ерлік жасауды жоспарламайды. Ерлікті туғызатын сәт болады. Адамның жақсы қасиеті де, жасық қасиеті де соғыста, тап сондай сәтте көрінеді. Мұндай сәт адамның ғұмырына, керек десең, ұрпақтан-ұрпаққа кететін өмірбаян, өсиет болып қалады. Рақымжан – сондай қиын-қыстау сәтте асыл қырынан көрінген азамат. Ол қыры – жасаған ерлігі. Тағдыр оның өмірбаянын сол сәтте жазды. Оның өмірбаяны – отпен жазылған өмірбаян. Мен де төрт жыл соғыстың небір қияметін көрген жанмын. Бірақ фашизмнің соңғы бекінісіне айналған Берлинді алғандағы соғыс, Рейхстагқа ту тігердегі сұрапыл соғыс – ол нағыз жойқын қырғын! Рақымжан – Жеңіс жалауын желбіретіп Рейхстагқа тіккен батыр...

(Зейнеп Ахметова)
Ә мәтіні

Есмұхан шектеулі табиғаттағы тіршілікті біраз қызықтаған соң, Шадыманның жағдайын білмек болып, оған видеотелефон соқпақ ойға келді де, кенеттен ол ойынан айныды, саусағының астындағы түймені ба қайта тартып алды. Содан соң әдетінше айнаға тағы бір қарап алып, асханаға тартты. Таудың астындағы киіз үй пішіндес жасалған үлкен ортаның ішкі жағына соғылған осы ғарышкерлер үйінің пішіні де қызық еді. Мұнда бәрі бар. Бір жағынан қараған адам үлкен киіз үйдің ішінен тігілген үй көргендей болар еді. Алайда, Жердегі киіз үйден айырмасы көп. Біріншіден, бұл үйдің материалы басқа, мықты тастан жасалған. Екіншіден, ішкі жағы суытылған. Бір ғажабы, мұнда Жердегі сияқты жылу жүйесін жүргізудің қажеті жоқ. Үйдің төбесі тұсынан Шолпанның бес жүз градустық ыстығы білініп тұрады. Мұндағы ең бастысы – тоңазытқыш. Онсыз күн жоқ. Егер бөлмелерде тоңазыту жүйелері болмаса, адамның өмір сүруі қиын. Бөлменің үш жағы жылытылғандай етіліп, үйге тән сәнделгенімен, олардың ара-арасымен суыту жүйелері өтеді. Қысқасы, сол жүйелер іске қосылғанда, іште тамаша жағдай орнайды. Температура да он сегіз бен жиырма үштің арасында болады. Ылғалдылық та отыз бен алпыс пайыздың шекарасынан аспайды. Жер жағдайынан басты ерекшелік осы еді.
Ж.Сахиевтің
«Шолпанға көшкен ауыл» фантастикалық
шығармасынан үзінді

А мәтіні
Ә мәтіні
Мәтіндерде не туралы айтылған?
Рақымжан Қошқарбаевтың кім екенін алғаш білу

Мәтіндердің құрылымын ажыратып көрсетіңіз.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Мәтіндер кімдерге оқуға арналған? (аудиториясы кімдер?)

Мәтіндердің ұқсас тұстары бар ма?

Мәтіндердің айырмашылығы неде?

2. Мәтіндердегі оқшау сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Қаратпа
Қыстырма
Одағай

Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз, сөйлемде және сөйлем ішінде кездесетін тыныс белгілерін ережеге сай қолдана отырып, эссе жазыңыз.
[7]

Отан үшін жан пида деп, қасық қаны қалғанша жаумен айқасып, өжеттілік пен қайсар мінез көрсеткен батырларымыздың ерлігі қашанда халқының жадында сақталады. Жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыздың ерліктерін дәріптеп, «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» тақырыбында эссе жазыңыз. Сөз саны 120-150 сөз.

«Кешегі қиял – бүгінгі шындық» тақырыбында эссе жазыңыз. Сөз саны 120-150 сөз.

197
380
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

farid2008farid
4,5(31 оценок)

Әзірге тек қана жеті-сегіз оқушы келді. оның жасы ол кезде он үштерде еді. ертеңгі жарысқа алпыстай қатысады. бүгін маған ондаған хат келді. менің достарым жиырма шақты. 

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS