Ответы на вопрос:
Ана тілің – арың бұл...Тіл-адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы а ғылым, білім, мәдениетпен танысып, парасаттылыққа ұмтылыс жасайды, болашақтың негізін қалап, таңдаған мамандығын игереді.Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, ұлттың жан дүниесі.Тілдің құдіреті — ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.Сол себепті,тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге бойға сіңіп, қалыптасатын, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, елдің ұлттық мақтанышы. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек.Тіл — ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Объяснение:
болама
Объяснение:
әтін бойынша тапсырмаларды орында.
Қарт шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қойды. Онан соң көйлегінің түймесін ағытып, жалаңаш етіне асып қойған бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үш бұрыш тұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып, тәубе етті. Сонан кейін қалтасынан бәкісін алып, тұмарды сөкті де, төңкерді. Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге. Бұл — осыдан қырық жыл бұрын, жат өлкеге аттанарда, атамекеннен түйіп алған топырақ еді.
Қарт ойына алған жұмысын түгел орындап тынды да, шекпенінің үстіне «уһ» деп жантая кетті. Бүкіл тұла бойының талып шаршағаны соншалық, ешнәрсені ойлауға да зауқы соқпады. Қыбыр етерге халі жоқ. Неше күннен бері оққа сүйенген аңдай ет қызумен түкті де байқамап еді. Әлдеқандай бір сиқырлы күш қолтығынан демеп, құстай ұшырып отырған. Ал, енді көздеген жеріне жетіп, арқасы кеңіген соң, сүйектері сырқырап қоя берді. Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын- буыны босап, өне бойы салдырап бос қалды. Жаны мен тәні қалаған бір ғана тілек бар. Ол — тек жату, демалу.
1) Мәтінде қанша біріккен сөз бар?
а) 5 ә) 3 б) 4
2) Мәтінде неше есімдік бар ?
а) 5 ә) 4 б) 6
3) Жат өлке сөзінің орысшасы
а) красивый край
ә) чужой край
б) родная сторона
4) Көсемшелі сөздерді тап: а) сүйенген, кеңіген, көздеген ә) берді, кетті, алды б) шешіп, демеп, жүгіре
5) Есімшелі сөздерді тап: а) сүйенген, кеңіген, көздеген ә) берді, кетті, алды б) шешіп, демеп, жүгіре
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
KatinaDobet200614.05.2022 21:33
-
anastasia53826.10.2020 07:36
-
КатяБойко27513.03.2021 14:47
-
азат6105.06.2023 14:56
-
jil35608.01.2022 07:29
-
alinamensikova16.09.2020 13:50
-
Тина55121.04.2020 23:06
-
2017mariana09.06.2022 12:35
-
Pitbull201516.01.2022 12:46
-
draganmarta22.02.2022 19:33
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.