1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені анықтаңыз.
Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
2-тапсырма
Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Сөйлеу кезінде өз көзқарасыңызды аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
1-мәтін. Тілеуберді Сахабаның Павлодар облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Ұлттар тілдерін дамыту бөлімінің басшысы Қымбат Сәкеновамен «Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде» тақырыбындағы сұхбатынан үзінді.
2-мәтін. http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/ сайтынан алынған «Шет тілін білу не үшін қажет?» тақырыбындағы мәтін.
1-мәтін
Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде
- Тіл – халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда қандай рөл атқарады?
- Өзіңіз айтып өткендей, тіл – барша халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтаудың негізгі құралы. Адам тіл арқылы түсініседі, өзге ұлттың тілін қаншалықты меңгерген болса, соншалықты сол ұлтқа жақындай түседі. Мұндай құбылысты қазіргі қоғамнан анық байқауымызға болады. Бұл тұста тілдің тілден еш артықшылығы жоқ екендігін айтып өткім келеді. Адам алдымен өз тілін білуі қажет. Одан кейін неше тілді білсе де артықтығы жоқ.
Қазіргі таңда өзге ұлттардың қазақ тілін білуге деген ниетінің болуы – қазақ халқын құрметтеуі. Жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігіміз. Ел бола алатынымызды дәлелдедік, соның арқасында қазақ баласына, қазақ халқына деген сый-құрмет едәуір артты.
2-мәтін
Шет тілін білу не үшін қажет?
Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.
Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді.
277
382
Ответы на вопрос:
Менің отаным – қазақстан. қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. қазақстан тәуелсіз мемлекет. сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада қазақстан республикасының ұлттық валютасы «теңге» болып қабылданды. қазақ елі өте ған мемлекет. оны басқа шетелдіктерде мойындаған. себебі, қазақстан соңғы он жылдың ішінде түсті, көркейіп, өз жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. қазақстан мұнай мен газ, қ өнеркәсібі өте бай ел. көмір де қазып алынады. қ өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. пайдалы қ негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. өзге шетелдіктермен саудаласып, .
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Ринатеовллктаоа30.01.2021 07:23
-
yuakomlev12.08.2020 06:18
-
neznayka190017.02.2020 10:42
-
Eva06An28.05.2023 05:31
-
rinnavinn05.01.2023 13:07
-
Almast118.12.2021 03:35
-
MrЕвгений22801.06.2021 07:50
-
Mara645813.01.2023 07:24
-
Mmmmmmamba05.12.2020 01:26
-
pra0212.03.2021 13:10
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.