ЖҰМЫС ПАРАҒЫ 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс – топ алдында, табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыстың бәдік айтыс, жануар мен адамның айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс деген түрлері бар.
Бәдік айтыс – айтыстың ең көне түрі, адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде, діни нанымға байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.
Салт айтысының ескі түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыс – өнер бәйгесі, сөз сынағында әр ақын өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді. Осы күнгі айтыстың ерекшелігі:
– бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы тұрғысынан ортақ әлеуметтік мәселелерді көтереді;
– алдын ала белгіленген тақырып пен уақытқа сай арнайы жиналған елдің алдында сайысқа түседі.
Қазіргі айтыс ақындарының ең танымалдары – А. Әлтаев, А. Қалиев, А. Тұрсынбаева, Б. Имашев, С. Тоқтамыс, М. Қосымбай, С. Құсанбаев, Б. Қалиолла, А. Ғафуров және т.б.
2-тапсырма. Сөз тіркестерін мағынасына қарай аударыңыз,түсіндіріңіз.
ерекше бір түрі -
табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы
жыр жарысы
айтыстың ең көне түрі
діни нанымға байланысты
ақын өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді
3-тапсырма. «Ойлан, тап!» Айтыс түрлерін жаз.
4-тапсырма. Айтыс түрлерімен танысыңыз. Осы күнгі айтыстардың ерекшелігімен танысыңыз.
Бәдік айтысы Жануарлар мен адамның айтысы Жұмбақ айтысы Салт айтысы
Айтыстың ең көне түрі.Бәдік айтысы адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде,шаманизм діни нанымына байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген. Қазақ халқының күн көрісі , тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болды.Сондықтан әр жануардың иесі бар. адамның төрт түлік мал жайындағы ойы, көзқарасы, арманы мен тілегі көрінеді. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне , әдет-салтына байланысты туған айтыс өлеңі. Бұл айтыс ойын-сауықта айтылатын болған.Жұмбақ айтысы тапқырлықты,білгірлікті, білімділікті, шапшаңдықты талап етеді. Жұмбақ өмір шындығынан алынады. Қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы болып бөлінеді.
Қыз бен жігіт айтысы әдетте, екі жастың амандасуынан басталып,жұртты күлдіру үшін әзіл-қалжың ретінде, айтыла береді, бір-бірінің бойындағы кемшіліктер де сөз болады.
Ақындар айтысы- айтыс жанрының ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделі.
Осы күнгі айтыстардың ерекшелігі.
1. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы жаңа түр.
2. Бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы.
3. Негізгі тартыс халыққа ортақ әләуметтік мәселелер.
4. Егемендіктің құдіретін жырға қосу.
5. Шебер өрілген сөз кестелеры Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Бәдік айтыстың негізгі ерекшелігі неде?2.Айтыс жанрының ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделі айтыс түрін атаңыз.
3.Тұрмыс тіршілікке, төрт түлік малмен байланысты айтыс туралы не білдіңіз? -
4.Тапқырлықты,білгірлікті, білімділікті, шапшаңдықты талап ететін айтыс түрін атаңыз.
5. Халыққа ортақ әлеуметтік мәселелер, шебер өрілген сөз кестелері айтыстың қай түрі?
№1 сұрақ
Бүгінгі сабақтан не туралы білдің?
Айтыс
Мақал
Жаңылтпаш
Жұмбақ
№2 сұрақ
Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Демек ... – жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.
Ат жарысы
Ақындар айтысы
Көкпар ойыны
Ұлттық ойындар
№3 сұрақ
Айтыстың ең көне түрін көрсет.
Салт айтыс
Жануарлар айтысы
Қыз бен жігіт айтысы
Бәдік айтыс
№4 сұрақ
Қазіргі айтыс түрлерін тап.
Халыққа ортақ әлеуметтік мәселелер
Жануарлар туралы
Бәдік айтысы
Руға бөлініп айтысу
№5 сұрақ
Мақалдың мағынасын аш.
«Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйгі алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық».
Байлай білу
Сөзді орнымен жұмсай білу
Белі жуан болу
Бәйгеге шабу
5-тапсырма. Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.
Айтыс – өнер бәйгесі, қыз бен жігіт айтысы.
Қазіргі айтыс ақындарының ең танымалдары
бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы тұрғысынан ортақ әлеуметтік мәселелерді көтереді;
Бәдік айтыс А. Әлтаев, А. Қалиев, А. Тұрсынбаева, Б. Имашев, С. Тоқтамыс, М. Қосымбай, С. Құсанбаев, Б. Қалиолла, А. Ғафуров және т.б.
Салт айтысының ескі түрі сөз сынағында әр ақын өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді.
Осы күнгі айтыстың ерекшелігі:
табиғаттың сырын түсінбеген кезінде, діни нанымға байланысты туған
Қорытынды. Айтыс туралы не білдіңіз?
1. Бүгін сабақта мен
2. Менің ойымша
3. Себебі
4. Қорытындылап айтқанда
130
197
Ответы на вопрос:
Сынганда мезгил жалгау китаптар коптик жалгау жузиктер коптик жалгау осиетти нускаулык жалгау
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
chelikteliklol17.10.2021 12:47
-
lenadanilova7727.02.2021 19:00
-
Аннапомогите21.11.2022 12:40
-
mmhhmuraad15.05.2021 22:59
-
Zippergorskii28.05.2023 05:31
-
Dindonn15.06.2023 13:42
-
Den4ikPlz08.09.2020 19:56
-
саша342134206.05.2021 02:46
-
hamsterizumkin10.09.2021 21:37
-
Юлька648826211.11.2022 06:22
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.