Есть ответ 👍

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңыз. Екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті зұлмат болып тарихта қалды. Майданға аттанған 1,3 миллион ұл-қызымыздың тең жартысы қайтып келмеді. Зымыраған уақытпен бірге аңызға айналып бара жатқан соғыстың ақиқатын айтатын ардагерлеріміздің де қатары сиреп барады. Осыған орай, майданды көзімен көрмесе де, бар ауыртпалығын жанымен сезініп, мойнымен көтерген, балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Алматы облысы, Ескелді ауданы, Н.Алдабергенов ауылының тұрғыны Махметов Қыдырбек Байқалықұлымен сұхбат құрған едік.
– Ата, қай өлкеде дүниеге келдіңіз? Отбасыңыз жөнінде айтып өтіңізші.
– Балам, енді ауылда туып, ауылда өстік. Бұрынғы Гвардия ауданы, қазіргі Кербұлақ ауданы, Көксай бөлімшесінде туып, ержеттім. Әкеміз соғысқа кетіп, оралған жоқ. Майданда қаза болды. Шешеміз бізді асырап жеткізді.
– Соғыс жылдарында тылдағы еңбек, жалпы ауыл өмірі қандай болды?
– Ой, қарағым, несін айтасың... Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы өмір өте қиын болды ғой, оны бәрі біледі. Асты да, киімді де, барлығын ұрыс даласына жөнелттік. Бәрі де майдан үшін... Ал біз өлместің күнін кешіп жүрдік. Өңшең жетім бала Көксудың басына барып балық аулаймыз. Ауылда көпбалалы бір ноғай болатын. Бір баласының аштан өлгені әлі есімде. Сол ноғайдың менімен құрдас ұлын елу жылдан кейін Алматыда жолықтырдым. Мені көріп, жылап тұрып: «Менің жанымды алып қалған сенің апаң ғой, қасқа сиырдың сүтін беріп», – деген еді.
– Қыдырбек ата, азық-түлік, киім-кешек бәрі майдандағы әскерге жіберіліп отырды. Ал сіздер нені қорек еттіңіздер?
– Таңертең болып жатса қуырылған бидаймен шай ішеміз. Ал түсте жұмыс істейтін 200 адамға арнап, үлкен тайқазандағы суға бір шелек арпа, тұз салыпқайнататын. Арпаны езілгенше қайнатып, соны түскі тамаққа беретін. Оны біз қуана-қуана жейтінбіз. Нан деген жоқ!Қазір қоқыста жатқан нанды көргенде, әттең-ай, осы бір тілім нанға жете алмай үзілген тағдырлар туралы не білесіңдер деп ренжимін. «Нанды баспа, тастама, киесі ұрады, кепиет атады» деген сөздерді үлкендерден жиі еститін едік. Өкінішке орай, мұны көптеген жастарымыз ескере бермейді.
– Саналы ғұмырыңызды Кеңес дәуіріне арнаған адамсыз. Социалистік заманда қандай жетістіктерге жеттіңіз?
– Мен енді жылдар бойы бас зоотехник болып қызмет еттім. Біз Кеңес одағының тұсында үнемі алдыңғы қатарда болдық. Бүгінде апаң екеуіміз бейнеттің зейнетін көретін шақтамыз. Қазір бес баламыз бар, үлкен баламыз бізбен тұрады, оның төрт баласы бар, үлкен немерем үйленген, үш шөбереміз бар. Жатсам та, тұрсам да, қарын аш болса да, киім жыртық болса да, ең бастысы, елімізде бейбітшілік болса екен деп тілеймін!
Міне осылай, бейбіт күнде немере, шөбере сүйіп отырған қария заманның тыныштығын тілейді. Өз басынан өткізген қайғы-қасіретті ұрпағы көрмесе екен дейді. Кешегі өткен батыр бабаларымыз да соғыс майданында ұрпағының азаттығы үшін жанын қиды, қасық қаны қалғанша күресті. Оттан да ыстық Отанын қызғыштай қорғады. Бүгінгі бақытты ұрпақ сол жанкештіліктің қадірін біліп, бейбіт өмірдің артында кімдер тұрғанын жадынан шығармауы тиіс.

111
275
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


Менің юля деген құрбым бар,біз екеумізде алтыншы сыныпта оқимыз және бір партада отырамыз,біз екеуміз   бос уақытымызды  өте қызықты өткіземіз мы проводим свое свободное время весело.бізді апалы-сіңілі деп те ойлайды,мен құрбымды қамқорлап жүремін,себебі мен одан он бір күнге үлкендігім бар! юляның отбасы үлкен.отбасында әжесі,атасы,анасы,әкесі,әпкесі және өзі бар.отбасы бірге демалғанды ұнатады.юля сабақты жақсы оқиды.екеуміздің  ортақ достарымыз бар.кейде юля екеуміз ренжісіп та қаламыз,бірақ соған қарамастан  мен оны қатты жақсы көремін!

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS