Есть ответ 👍

Жазылым 2-тапсырма. Берілген тақырыптың біреуін таңдап, эссе жаз.
1) «Бірлігі жарасқан ел»
2) «Мен Отаныммен мақтанамын»
3) «Қазақстан – татулық пен ынтымақтың мекені»

182
379
Посмотреть ответы 3

Ответы на вопрос:

tori0077
4,4(49 оценок)

Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б. Олар бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Иә, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Бәрімізге белгілі кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Сол үшінде біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз.

... Қазақ осы — айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы — аңғал - саңғал жабусыз,

Қазақ осы — ағыл - тегіл, көл - көсір.

Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы — «Өнер алды — тіл» дейтін.

Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін... - деп Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында, татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздер мен біздерге мәлім.

elkilk
4,4(49 оценок)

Бірлік – мәңгілік және бөлінбейтін, ынтымағы мен берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Бірлікті елдік пен ұлт болып ұйысып, ынтымақ пен сыйысып отырудың басты кепілі ретінде санаған. Біздің Отанымызда 125-тен астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Біртұтас бірлігі жарасқан еліміздің халық саны жыл санап көбеюде, Отанымызда басқа ұлт өкілдері мен қазақ халқы бір киелі шаңырақ астында, бір атаның баласындай бірлікте тұрады.

Яғни, Отанымызда қазақ елі тек қазақтарға ғана емес басқа ұлт өкілдеріне пана болып табылады. Сан ұрпақтың кіндік қаны тамған туған жері, атамекені. Ата-бабаларымыздың ұлы аманатын арқалаған қазақ елі туыс елдерді кеңдігімізбен, дархандығымызбен әрі қонақжайлығымызбен, даралығымызбен, саналылығымызбен, өз қамын емес өзгенің қамын жоғары қойғандығымызбен ерекшеміз, құрметтіміз.

Елімізде басқа ұлт өкілдерімен достықты, сыйластықты, ынтымақтастықты, бауырмалдықты сан жылдар бойы іс-әрекетімізбен, тыныс- іршілігімізбен дәлелдей білдік.

Тарих тағылымына үңілсек, байтақ даламыз талай ұлт пен ұлыстарға пана, апа-әжелеріміз талай жетімдерге ана болды, өз балаларынан бөлмей-жармай маңдайынан сыйпады, бақытты өмір сыйлады. Соның жетістігі бірлігіміз тірлігімізге арқау болып, сыйластықта, татулықа өмір сүрудеміз. Бірлігі жарасқан елдер озады, бірлігі жоқ елдер тозады.

Тарих тегеурініне төтеп бере алмай бірлігі жоқ қаншама елдер, мемлекеттер елінен де, жерінен де айырылды, кең дүниені тарылтты, ең өкініштісі жойылып та кетті. Қай бір мемлекетті болмасын оларды ешбір жау сырттан ала алмайды. Елдің іргесі қашан да іштегі алауыздықтан, түсініспеушіліктен, сыйластықтың әлсіреп, ынтымақтың жойылуынан ыдыраған. Ел іргесі сөгілмес үшін ең бірінші бірлік, ынтымақтастық, парасаттылық пен сабырлылық, әрбір іс пен сөзге жауаптылық, байсалдылық таныту қажет.

Біздің Қазақ еліміз бүкіл әлемге қонақжайлылығымен әрі ынтымақтастығымен танылып, өзін мойындата білді. Тілі мен түрі басқа болса да тілегі бір, бірілікке ұмтылған мүддесі бір, "Қазақстан" атты тірегі бір, "Отан" деп соққан жүрегі бір, әрбір ел азаматының бағы мен тағы да, берекесі мен ырыздығы да, бірлігі мен тірлігі жарасқан осы елде десем артық айтқандық болмас. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

Бірлік сөзін ой елегімнен өткізіп, саралап көрсем:

Б- біртұтастығы бөлінбеген,

І- іргесі сөгілмеген,

Р- ризығы қолында, рахымы өмір жолында,

Л- лайықты ұл- қызын ынтымаққа үйреткен,

І- іңгәләған сәбиін адал еткен жөргектен,

К- кемелденген болашаққа қадам басқан сеніммен,- деген жолдар ойымды ашып, мақсатым мен мүддемді, арманым мен тілегімді айшықтап әрі нақтылап бергендей болды.

Кемеңгерлігімен елін ерекше сүйген, даналық сөздерін ұрпағына мирас еткен, Ақтамберді жыраудың "Балаларыма өсиет: Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет", деген қанатты сөздері ғасырлар тоғысқан жылдарда өз өзектілігін еселеп арттыра түспесе кеміткен емес. Осы орайда Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Халықтар арасындағы келісім мен достықтың алтын тамыры қазақтарға тән асыл қасиеттерде жатыр", – деп айтқан көкейге қонымды, жүрекке жылы тиер сөзі тұғырлы тұлғаның орамды ойын Отанымыз ортақ әрбір азамат қабылдауы тиіс қағида іспеттес.

Ендеше, әрбір қанаты талмаған жас та, әрбір іске аса жауаптылықпен қарайтын бас та, аға ұрпақ та азаматтығын арттырып, бейбітшілік пен келісімді сақтап, баба үмітін ақтап, татулыққа ұмтылып, әрбір іске бірауыздан жұмылып, сенімділікті серік етіп, бірлігі жарасқан еліміздің ілгері қадам басуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Елдің тағдыры – өз қолымызда.

Осы Қазақстан атты киелі шаңырақтың бірлігі мен ынтымағы жарасып отыруының басты дәлелі: әр ұлттың елімізді көркейту жолындағы ерен еңбегі мен бабалардан келе жатқан асыл мұраны сақтауы. Қазақ жері қандай кең байтақ болса, әрбір қазағымның жүрегі де сондай кең әрі дархан. Бірлігіміз арылмасын, жеріміз тарылмасын. Бірлігіңді бағың деп түсін дана халқым!

Объяснение:

1)"Бірлігі жарасқан ел"


Белгілі қазақ ақындарының бірі — сүйінбай алматы облысы, жамбыл ауданы, майтөбе жайлауында, 1822 жылы шілде айында туған. өз әкесі — арон күсепұлы, арғы атасы — жиенқұл деген кісілер. сүйенбайдың аталарының көбірек тұрған ежелгі — қапал ауданындағы көксу, қараталға қатысты екейқұм деген жерлер. ол кедей отбасыдан шыққан. әкесі аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайлы және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді.cүйінбайдың тезек төремен кездесуі — кейінірек, кейінірек ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, тезек төрені де жалайырдағы сұлтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалында сөзінің күшімен бөгеп отырды. тіпті көрші қырғыз халқының қанды қ, орақ ауыз орман хан тұқымдарының орынсыз істерінде батыл сынайды. ол шындық үшін күресіп хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. әр түрлі дауғы түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.ақынның бұлайша ел ісіне арласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен — сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсекен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. ақын енді үй айналасындағы әкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шараға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды.болашақ талант иесінің ізденуі басталады, оңтүстік, шығыс, орталық қазақстан жерін ол түгел аралайды. өз кезіндегі халық ақындарының біразымен кездесіп тілдеседі. өзіне дейінгі ақындардан өз атасы күсептің жырларын, жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. аға буын ақындардан қабан, жанақ, түбек, шөжеремен кездескен. ал, өзіне тұстас майлықожа, майкөт, қаңтарбай, тезекбай, бақтыбай, қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан.сүйінбайдаң соңғы кезде табылған өлеңдерінің ішінде оның өмір белестерін танытатын кейбір толғаулары кездеседі. онда ақының ата-бабасы мен ағайындары: аран, күсеп, жиенқұл, жақын туыстары жұмық, оспан, жаманшалар, әйелі еңіліктің (жұпан деген бәйіпшесі өлгеннен кейін алған) есімдері мәлім болады.бұл сөзге қарағанда, сүйенбай 1827 жылы емес, 1822 жылы туып, 1895 жылы қайтыс болған. сүйенбайдың сүйегі қарақыстақ аңғарының жоғарғы саласында шағын обаның үстіне, көне бейтке қойылған. сүйенбай — халқымыздың поэтикалық жетік шебер тілді, жүйрік ақын. бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. ақының «кәрілік» атты өлеңін еске алсақ, бұл да ң бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шешендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.сүйінбай аронұлы 1827 жылы қазіргі алматы облысы, жамбыл ауданы, қарақыстақ деген жерде дүниеге келген. ол он төрт-он бес жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген. кейінірек, өзінің замандас ақындары ішінен озық ойы, өткір тілімен қазақ пен қырғыз елдеріне аты тарап, әйгілі болған. сүйінбай ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. сонымен бірге ол халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да, әділ сыншы. сондықтан да, мұхтар әуезов сүйінбайға баға бергенде оны «он тоғызыншы ғасырдағы жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS