Комектесындершы казак тылынен бжб 4 токсан 1-тапсырма: Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ (Көлбастау) ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. 1929 жылы «Әулие Ата» тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдаған соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мемлекеттік қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады. 1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін, ең алдымен, Отан алдындағы борышын өтейді. Әскери дайындық кезінде білім алып, әсіресе, мергендік өнерге тез машықтанады. 1933 жылы полктық мектепті бітіреді. 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында, қажеттілігіне қарай, білімін жетілдіріп (Ленинградтың қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді.
1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылып әскери қызметтер атқарады. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады. Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрғаны кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі қызметінде болады. 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздары жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай қайнаған соғыс майданы басталып кетеді. 1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады. Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту ордені мен (2 рет)», «Ленин», «Отан Соғысы» ордендерімен, «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» орден және медальдарымен марапатталған.
Өкінішке орай, халық қаһарманы Б.Момышұлы 1982 жылы 10 маусымда дүниеден өтті.
1. Мәтіннің стилін анықтаңыз.
А) Публицистикалық стиль
Ә) Ресми іс-қағаздар стилі
Б) Ғылыми стиль
2. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) ақпараттық жанры
Ә) өмірбаян жанры
Б) әңгіме жанры
3. Мәтіндгі ақпараттар нешінгі жақта баяндалып тұр?
А)І жақта
Ә) ІІ жақта
Б) ІІІ жақта
4. Мәтіндегі қарамен жазылып, асты сызылған сөздер оқшау сөздердің қайсысына жататындығын анықтаңыз.
А) Қаратпа сөздер
Ә) Одағай сөздер
Б) Қыстырма сөздер
5. Мәтінде Б.Момышұлына қатысты қай жылдан қай жылға дейінгі хронологиялық ақпарат берілген?
А)1929-1936 жылға дейін
Ә) 1941-1945 жылға дейін
Б) 1910-1982 жылға дейін
2-тапсырма. Берілген анықтаманы оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Ресми-іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилі кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те атала береді. .
Қызмет көрсету саласына қарай ресми стильдің жанрлары: заңдар, нормативтік актілер, қаулылар, бұйрықтар, шешімдер, бұрыштамалар, ескертпелер, хабарландырулар, сертификаттар, есептер, сауалнама, мәлімдемелер, сенімхаттар, өмірбаяндар, қорытындылар, сипаттамалар, актілер, хаттамалар, нұсқаулар, келісімшарттар, шарттар және т.б.
Сөйлеу түрі – монолог.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторийде – демалушы, тынығушы, кітапханада – оқырман, қызмет орнында – маман, қызметкер, қоғамдық көлікте – жолаушы т.б. болып табылады.
1. Ресми құжат стильдеріне тән белгілерді атаңыз
2. Ресми стильдің жанрларын атаңыз
3. Ресми стильде қолданылатын сөйлеу түрін атаңыз
209
418
Ответы на вопрос:
Аяз ата! мен аяз атаға сенбеймін. алайда, оған жаңа жылда хат жазғаным рас. мен сіздерге өзімнің басымнан өткен жағдайды айтып бергім келіп тұр. мен бірінші сыныпта сабақ соңында қалып аяз атаға маған үлкен қуыршақ әкеліп бергені қалап оған хат жаздым. қайтарымда сол қағаздан ұшақ жасап, ұшырып жібердім. міне сағат тура он екі болып жаңа жыл болды. мен аяз атаны күтіп отырдым. ол сыйлығымды алып келмеді қатты ренжідім. мен өз анама бұл туралы бір ай бұрын айтып қойған болатынмын. анам келесі күні мені оятып аяз ата маған қуыршақ беріп жібергенін айтты. мен қуанып сыйлығымды аштым. ал бұл оқиғаны маған әпкем айтып берді. мен сол кезде қатты ренжіп, анаммен екі күн сөйлеспей қойдым. міне сол кеден бері аяз атаға сенбеймін!
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
elem020719.01.2020 12:23
-
Kate90510.09.2021 02:38
-
likewithboss12.06.2021 12:59
-
Nagornovani200202.05.2022 02:11
-
bubo4ka99505.07.2021 02:14
-
Ferklo14.05.2023 20:30
-
Евридика114.02.2021 02:32
-
ПоляУ127.12.2020 12:17
-
Каросло27.11.2022 00:40
-
Ashmalikova19.05.2023 16:46
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.