Есть ответ 👍

Жер-дүниенің патшасы Сүлеймен кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылады: – Сен, қарға бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы тұрған қапасқа отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған даусымен оятсын! – Сен, кірпі, барып жер жүзін тінтіп, маған бір жұмсақ нәрсе тап, оны әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме таяу қой! Құс сайрағанымен оянып, қапасқа қарай бергенде, бетім сол нәрсеге тисін, – деді. Қарға дамыл таппай, жер аралап, құстардың сайрағанын тыңдайды. Бірақ оған ешбір құстың сайрағаны жақпайды. Бұлбұл, сандуғаш һәм басқа құстар салған әндері ұнамайды. Даусы жақсы құсты таба алмай, қарға сорлы қайғырады: «Енді маған өлім келеді». Таң мезгілде талып, шаршап, «балаларын бір көріп, амандасып кетейін» деп қарға ұясына қайтады. Анасын көріп, аш балапандар шиқылдап, қарқылдай бастайды. Бұлардың қарқылдағаны қарғаға сондай жақсы, нәзік көрінеді. Олардың қасында бұлбұл, сандуғаш әлдеқайда жаман сайрайтындай көрінді. Қарға сорлы қуанып, балаларын Сүлеймен патшаға әкеліп, оның қапасына отырғызады. Кірпі түні бойы дамыл таппай, жер жүзін кезіп, жұмсақ нәрсе іздейді, іздесе де таба алмайды. Шаршап-шалдығып үңгіріне қайтып келеді. Балалары алдынан шығып, анасын құшақтайды. Кірпіге балаларының денесі сондай жұмсақ көрінеді. Кірпі: «Жер бетінде өз балаларымнан жұмсақ нәрсе болмас», – деп ойлайды. Көп ұзамай, балаларын Сүлеймен патшаның жастығының үстіне әкеліп қояды. Таң атады. Қарғаның балалары қарқылдап, шиқылдай бастайды. Сүлеймен патша «бұл не?» деп қапасқа қарай беттей бергенде оның бетіне тікенектер кіріп кетеді. Қараса, қапаста қарғаның балалары отыр, жастығының үстінде кірпінің балалары жатыр. Сүлеймен патша ашуланып, қарға мен кірпіні шақырып алып, бұлардың басын кесуге бұйрық қылады. Жазалы болған кірпі мен қарға «дат, тақсыр» дейді. Сүлеймен патша датын айтуға мұрсат береді. Екеуі бастан-аяқ қылғандарын баян еткен соң, пайғамбар ойға шомады. «Әркімдікі өзіне балдан тәтті, оттан ыстық, күннен жарық һәм мамықтан жұмсақ» екенін түсініп, қарға мен кірпіні босатып жібереді. Кірпіге тән емес әрекетті көрсетіңіз.

160
452
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


Спорт және мен. мен ауыл . кішкене кезімнен футболды жақсы көремін. достарыммен аулада әрдайым доп теуіп ойнайтынбыз. қазір мектептің футбол құрамасында ойнаймын. біздің команда республикалық жарыстарға дейін қатысып, жүлделі орындарға ие болды. мен спортпен, оның ішінде футболмен айналысқаныма өте ризамын.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS