Есть ответ 👍

2-тапсырма. Мәтінді оқы. Негізгі идеясын анықта. Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді, Жұманның қатыны, «Қалиқа» деген бір жеңгесі:

Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! - деп, мойынынан құшақтай алып, бетінен сүйді. ...
Содан кейін үлкен қатындар және осы топтағы үлкен еркектің, ағалардың да бір-екеуі сүйіп жатыр. Абайды шын балаға айналдырып жіберген — осы сүйістер еді.

Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып, шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі - Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді Айғыз қатар тұр екен.

Бала топтан шыға бергенде Айғыз күліп:

Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады- ау,- деп паңдана күлді де Абайды көзінен сүйді.
Кезек өз шешесіне келгенде ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы! Ұлжан көп ұстаған жоқ.

Әжеңе бар, әнеки! - деп үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді.
Кәрі әжесі - Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.

Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! - дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда «жаман неменің» артынан лезде:
Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... - деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті.
Әжесі құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай ымырт жабылғанша осында болды. Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып тықпалай берсе де, баланың бойына ас батпады. Жөндеп ішкен де жоқ. Күні бойғы аштығы да ұмытылған сияқты.

Ас бере отырып, бойлары үйреніскен сайын шеше, жеңгелері баладан:

Елді сағындың ба, кімді сағындың?
Молда болдың ба?
Оқып болдың ба? — деген сияқтыларды қайта-қайта сұрады.
Абай өзге сұрақтарға жөнді жауап берген жоқ. Жалғыз-ақ: «Кімді сағындың?» дегенде:

Оспан қайда? Ол қайда жүр? - деп, өзінің кіші інісі тентек Оспанды бірнеше рет сұрап еді.
Ұлжан басында ол сұрауын елеусіз қалдырып, артынан тағы бір айналғанда:

Е, жүр дағы жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң әжең екеуіміз қуып шыққамыз, - деп әжесіне нұсқады.
Әжесі өзіне байланысты бір нәрсеге ишара қып отырғанды көріп:

Не дейді? Не деп жатырсыңдар, естімедім, - деп еді, Абай Оспан жайын айтып кеп, қатты сөйлеп:
Әже-ау, былтыр мұндай емес ең. Құлағыңа не болған, неге естімейсің - деді. Көптің ортасында отырса да, еріксіз жапа-жалғыз боп оқшауланып қалған әжесіне жаны ашып, құшақтап алдына жақтайды.
Әжесі түсінді де аз ғана босаңсып:

Балам-ай, әжеңде кеуде болмаса, не сымбат қалды? - деп, өзінің дағдылы мұңшыңына қарай беттеп еді, баласы қимады.
Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? - деді.
Үй іші де, әжесі де құр күліп қана қойды.​

253
260
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Nezhdanchik228
4,5(9 оценок)

эьспщса шп зормяця не ащп щр

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS