Есть ответ 👍

1.Мекен үстеу Мекен үстеу, қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т. б.
Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

2.Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу қимылдын, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бугін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді т. б.
Мезгіл үстеулері кұрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

3.Мөлшер үстеу
Мөлшер үстеу қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама?
қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мелшерін білдіреді.

4.Сын-қимыл (бейне) үстеу
Сын-қимыл (бейне) үстеу қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай, қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-кимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді т. б.

5.Мақсат үстеу
Мақсат үстеу кимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т. б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі, келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді т. б.

6.Себеп-салдар үстеу
Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрактарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т. б.

7.Топтау үстеулері амалдық және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы істелгенін немесе, көрсетілгеніне, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, он-ондап, көп-көптен,топ-тобымен, рет-ретімен, үйді-үйіне т.б.

8.Күшейткіш үстеу
Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б.

119
182
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

egorkakraynov
4,5(2 оценок)

Объяснение:

тапсырманың фотосы керекқой

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS